Түйінді сөздер: Каспий, Ембімұнай, мұнай, «Қазмұнайбарлау», барлау.
303
Каспий теңізінде мұнай саласының қалыптасу кезеңі XX ғасырдың 20-шы
жылдарының аяғында Ембінің мұнайшылары айналмалы роторлық бұрғылауды қолдана
бастады, мұның өзі бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдіктерінің артуына,
мұнай жатындарын аршу және оларды барлау қарқынының жеделдетілуіне септігін
тигізді. Айналмалы бұрғылау КСРО-да алғаш рет Ембіде қолданылды, мұның
нәтижесінде бұрғылау тереңдігі айтарлықтай өсті. Мәселен, 1929 жылы бұрғылаудың
орташа тереңдігі 196,7 м болса, 1932 жылы бұл көрсеткіш 637,7 м-ге жетті. Ембі
мұнайшылары КСРО-да және бүкіл Еуропа алғашқы болып сол кез үшін аса терең
бұрғылау шараларын жүзеге асыруға қол жеткізді - Доссор мен Мақат тереңдігі 2500-
2800 м-ге жететін ұңғымалар бұрғылана бастады. 1927 жылы Халық шаруашылығы
Бүкілодақтық Кеңесінің мұнай өнеркәсібі кеңесі отырысында жасаған «Орал- Ембі
ауданының даму перспективалары» атаулы баяндамасында И.М.Губкин былай деп атап
көрсетті: «Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңдері өткен ғасырдың аяқ шеніне, яғни
1889 жылға сәйкес келеді. Алғашқы жұмыстар Каспий теңізінің жағалауында орналасқан
Қаратоннан шамамен 35-40 км қашықтықта орналасқан Қарашүңгіл шатқалында
Леманның тарапынан жүзеге асырылды. Осы Қарашүңгілде Леман 17 саяз ұңғыма
бурғылады, 1899 жылдың қараша айында сол ұңғымалардың бірі 40 метр тереңдіктен
мұнай бұрқағын берді, мұндағы мұнай ағымы тәулігіне 90000 путқа жетті. Мұндай
нәтиже аталған ауданға өзге де мұнай кәсіпкерлерінің қызығушылығын тудырды, сөйтіп
1916-1917-ші жылдары «Ембі-Каспий» бұл өңірде орташа тереңдігі 150 м-ге жететін 14
бұрғылау ұңғымасын тіктеді». Бұдан әрі И.М.Губкин Ембі аймағының дамуы мәселесіне
өте ыждағаттылықпен қарау қажеттілігін айта келіп, былайша түйіндейді: «Менің
ойымша, мемлекеттің Ембімұнайға көмектесуі дұрыс болған болар еді. Көмек әр түрлі
бағытта берілуі мүмкін: мәселен, Ембімұнайды Доссор мен Мақатты игеруден түскен
табысқа салынатын бүкіл салықтардан және өзге де қарыздарданан біржолата босату,
сөйтіп бүкіл табысты барлау жұмыстарын одан әрі дамытуға бағыттауға мүмкіндік беру»
Батыс Қазақстандағы геологиялық іздеу жұмыстарына жалпылама басшылық
КСРО-ның Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесінің Бас тау-кен-отындық
басқармасының Геологиялық комитеті тарапынан жүзеге асырылды. Орал-Ембі
ауданының дамуына И.М.Губкин ерекше мән берді. КСРО Ғылым Академиясының 1931
жылы болған төтенше сессиясында жасаған баяндамасында И.М.Губкин «Орал-Ембі
ауданын қарқынды және батыл түрде барлау бұл ауданды ондаған миллион тонна мұнай
беруге қабілетті шын мәніндегі ғаламат ауданға айналдыруы мүмкін. Бұл ауданды
дамытуға қаржыны аямау қажет және оған деген қызығушылық бір сәтке де толастамауы
тиіс»,-деп атап көрсетті. Батыс Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын
дамытудың қарқынды кезеңі 1925-1926 жылдарға сәйкес келеді. 1925 жылы,
«Ембімұнай» тресінің жұмысын саралау нәтижесінде, мұнайшылардың алдына жаңа да
нақтылы міндеттер қойылды: 5-7 жыл ішінде Ақтөбе облысының солтүстік
аудандарының (Темір ауданының) ауқымындағы ауданы 3500 шаршы шақырым
аумақтағы мұнайгаздылықтың белгілері анықталған құрылымдарды барлау шараларын
жүзеге асыру. Осы міндеттерге сәйкес, 30-шы жылдардың бас шенінде мұнай іздеу
жұмыстары Оңтүстік Ембіден тысқары өңірлерге, атап айтқанда Ақтөбе облысның
аумағына қарай ауысты. Осыған байланысты «Ақтөбемұнайбарлау» аймақтық тресі
құрылды, бұл трест кейінірек «Қазмұнайбарлау» тресі деп аталды, ол Гурьев қаласында
орналасты. Мұндай құрылымдық өзгерістер мұнай саласындағы жумыстарды
функциялық тұрғыдан даралау қажеттілігінен, яғни мұнайды өндіретін және мұнай
кенорындарын іздеу мен барлау шараларын жүзеге асыратын құрылымдарды бір-бірінен
оқшаулау қажеттілігінен туындады, себебі аталған екі функцияны бір орталықтан
басқару мұнай саласын ете ірі және икемсіз құрылымға айналдырды, сөйтіп мұнай-газ
304
кенорындарын іздеумен және барлаумен байланысты жүргізілетін жедел шараларды
жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтар туғызды[1].
1931 жылы жаңадан құрылған «Ақтөбемұнайбарлау» тресі тарапынан Ақтөбе
облысы ауқымында қойылған №10 ұңғыманы бұрғылау нәтижесінде Шұбарқұдық мұнай
кен орны ашылды. Екі жыл өткеннен кейін Жақсымай кенорны дүниеге келді. Бұл екі
кенорынды да игеру «Ембімұнай» тресінің құзырына берілді. Жоғарыда аталған жаңадан
ашылған кенорындар мұнай тазалайтын және өңдейтін аса ірі сыйымдылықтар
орналасқан Гурьев қаласынан айтарлықтай қашықтықта болғандықтан олардан алынған
мұнайды тасымалау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл мәселе Гурьев - Қандыағаш
темір жол торабын салу нәтижесінде шешілді, бұл темір жол Шұбарқұдық және
Жақсымай кенорындарын Доссормен және Мақатпен жалғауға мүмкіндік берді.
Жаллы алғанда, 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың бас шенінде
геологиялық барлау жұмыстарының ауқымы айтарлықтай артты, буған Ақтөбе
облысының ауқымды аумағында барлау жұмыстарымен қамту шаралары айтарлықтай
үлес қосты. Осы кезеңдегі 5 жыл ішінде Батыс Қазақстанның мұнай байлығын зерттеу
мәселесімен жалпы саны 135 геологиялық және геофизикалық партиялар айналысты.
Мұның өзі жұмыс көлемінің еселей артуына мүмкіндік берді. Мәселен, аймақтың мұнай
байлығын мемлекет меншігіне өткізгенге шейін жалпы ұзындығы 42328 метр ұңғыма
бұрғыланса (жылына орта есеппен 5300 м), 1920 жылдан кейінгі оншақты жыл ішінде
284 мың метр (жылына орта есеппен 20600 м) ұңғыма бұрғыланды. 1920 жылдан 1929
жылға дейінгі аралықта Орал-Ембі ауданының кәсіпшіліктерінде 1630 мың тонна мұнай
өндірілді, бұл көрсеткіш революцияға дейін өндірілген бүкіл мұнай өнімінен 19 %-ға
артық. Мұнай ең көп өндірілген жыл - 1931 жыл, бұл жылы 417536 тонна мұнай алынды.
Қазақ Автономиялық республикасының Халық Комиссарларының кеңесі 1934 жылдың
29 қаңтарында №86-шы арнаулы қаулі қабылдады, ол «Ембімұнайды» дамыту шаралары
туралы» деп аталады. Бүл қауліге сәйкес, «Ембімұнай» тресіне Қосшағыл және Ескене
кенорындарын іске қосу, осы кәсіпшіліктерде электр станцияларын салу және оларды
пайдалануға беру, мұнай қоймаларын тұрғызу және су құбырын тарту міндеттері
жүктелген. Аталған қауліде Мақат - Қосшағыл темір жолын салу және бұл жолдың
Ескене торабын тарту мәселесіне айырықша көңіл бөлінген. Мұнайшыларды қалыпты
тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мәселесі де үміт қалмаған, Гурьев қаласында
және мұнай кәсіпшіліктерінде тұрғын үйлер тұрғызу, сол сияқты қосалқы
шаруашылықтар (бау-бақша, сүт фермалары, мал шаруашылығы) ұйымдастыру
ұсынылған. Бұл қауліде құзіретті органдарға мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істеуге
2000 жұмысшы және 1000 білікті құрылыс мамандарын тарту мәселесін шешу
жүктелген.
1925 жылы, Еуропада алғашқы геофизикалық тәжірибелер пайда болғаннан кейін
(1912-1916 жылдар, Этвеш), Ембі мұнайлы ауданында зерттеудің геофизикалық әдістері
қолданыла бастады, атап айтқанда, Б.Нумеровтың басшылығымен Z-40 вариометрімен
гравитациялық түсіру әдісі тексеріліп көрілді. Ауырлық күшін айналмалы кірлермен
өлшеу картаға түсіру барысында және Каспий маңы ойысы жағдайында күбездердің
тұзды ядроларынның орналасу тереңдігін анықтауда бірден-ақ өз тиімділігін көрсетті.
1930 жылы «Ембімұнай» тресі жанынан геологиялық барлау кеңсесін құру барысында
болашақ кеңес академигі Э.Фотиадидың басшылығымен дербес гравиметрлік сектор
ұйымдастырылды. Бұл геологиялық барлау кеңсесі 1932 жылы, жұмыс көлемінің
артуына байланысты, трестен бөлініп шығып, дербес «Қазмұнайгеофизика» тресі болып
қайтадан құрылды.1940 жылға дейін 1:100000-1.200000 масштабтардағы 92 картаға
түсіру жұмыстары орындарды. 1932 жылдан бастап тұзкүмбезді құрылымдарды саралау
барысында 1:25000-1:50000 масштабтарда картаға түсіру жұмыстары пайдаланылды.
305
1930-37 жылдары Үстірт аумағы маятниктік байқаулардың сирек торабымен жабылды.
1940 жылы біршама қымбат тұратын Я-40, S-20 т.б. вариометрлердің орнына өнімділігі
жоғары, әрі арзандау әр түрлі типтегі гравиметрлер қолданыла бастады. Сынған
толқындар әдісін қолданған алғашқы тәжірибелік сейсмобарлау жұмыстары Ембі
мұнайлы ауданында 1929 жылы тұз күмбездерін зерттеу мақсатында жүргізілді. Бұл
әдісті қолдану тұз күмбездері ядроларының пішіні мен орналасу тереңдігін анықтау
сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 1934 жыл-дан бастап түзүсті түзілімдерін жіктеу
мүмкіндігін анықтау мақсатында шағылған толқындар әдісі жүргізіле бастады. 1931-
1935 жылдар аралығында сейсмикалық зерттеулердің негізінен сынған толқындар әдісі,
азырақ көлемде шағылған толқындар әдісі Торғай ойысында жүргізіліп, ондағы
палеозойлық іргетастың орналасу тереңдігі анықталды. 1935-1936 жылдары
сейсмобарлаудың сынған толқындар әдісі Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай
орналасқан өңірдегі палеозойлық іргетастағы депрессияларды анықтау мақсатында
қолданылды. 1938-1939 жылдары шағылған толқындар әдісі, ал 1940 жылы сынған
толқындар әдісі Қызылжар қаласы аймағында Батыс Сібір тақтасының шөгінді
түзілімдері астында солтүстікке қарай сұғына түскен Орталық Қазақстан палеозойлық
массивы көмкеріп жатқан мезозой-кайнозой қатқабатын жіктеу мүмкіндігіне қол
жеткізді. 1934 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстары кең көлемде «Ембімұнай» және
«Ақтөбемұнайбарлау» трестері, ал 1939 жылдан бастап «Қазақстанмұнайкомбинаты»
тарапынан жүргізілді. Сейсмобарлау жұмыстарының көлемі үнемі артып отырды, және
де 35 құрылым ауқымында жүргізілген 5331 км сейсмобарлау кескіндерінің 4620 км-і
Батыс Қазақстан аймағына тиесілі болды. Сейсмобарлаудың қалыптасу кезеңі оны
нақтылы геологиялық міндеттерді шешу үшін қолданып көру шараларымен
орайласты[2].
Кескіндеу әдісімен электрбарлау жұмыстары алғаш рет 1929 жылы Каспий маңы
тұзкүмбезді құрылымдарында Мемгеолком тарапынан жүргізілді. Шлюмберже
фирмасымен бірігіп жүргізілген тік бағытта электрлік зондылау әдісі 1930 жылы
басталып, 1934 жылы толығымен тоқтатылды, себебі бұл әдіс арқылы алынған
мәліметтерді сандық тұрғыдан саралау мүмкіндігі жоқ болып шықты. 1936 жылы Каспий
маңы ойысында алғаш рет теллүрлық зондылау әдісі тәжрибеден өтті. 1929 жылдан
бастап Доссорда, Ескенеде, Новобогатта, Жаманкейкібаста жүргізілген тәжрибелік
магнитметрлік жұмыстар бұл әдіс тұзкүмбезді құрылымдарды зерттеуде тиімсіз
екендігін көрсетті, сондықтан да 1931-37 жылдар аралығында тек қана өте сирек торапты
бақылауға негізделген мемлекеттік магниттік түсіру жұмыстары ғана жүзеге асырылды.
¥ңғымада жүргізілетін кәсіптік (каротаждық) геофизикалық зерттеулер Доссор, Мақат
(«Ембімұнай» тресі) және Мортық, Жуса т.б. («Ақтөбемұнайбарлау» тресі)
кәсіпшіліктерде 1932-34 жылдарда жүргізіле бастады. Ұңғымалық каротаж, Шлюмберже
фирмасымен біріге отырып, елесті кедергілер әдісімен және өздігінен полюстену
әдісімен жүргізілді. 1938 жылдан бастап барлық құрылымдық-іздестіру ұңғымаларында
электрлік каротаж жүргізіліп келеді. Сол жылдары Гурьев қаласында «Ембімұнай»
тресінің кәсіпшіліктерін қамсыздандырған дербес электрбарлау кеңсесі құрылды
(бастығы М.Қадысов). Ақтөбе облысның кәсіпшіліктерінде каротаж жұмыстарын дербес
партия жүргізді.
Ембі мұнайлы ауданының дамуы мәселесіне Бүкілодақтық Коммунистік
партияның 17-ші және 18-ші съездері улкен мән берді. Осы съездерде қабылданған
құжаттар мұнай байлығын іздеудің негізгі бағыттарын анықтады. Оңтүстік Ембінің
мұнай кәсіпшіліктеріне басшылықты жақсарту және Солтүстік Ембінің жаңа аудандарын
игеру мақсатында Халық Комиссарлар Кеңесі 1936 жылдың 22-23 желтоқсанында
«Ембімұнай» тресінің құрамынан кәсіпшіліктердің Солтүстік (Темір) ауданын бөле
306
отырып, соның негізінде «Ақтөбемұнай» тресін құру жөнінде қаулі қабылдады. Жаңадан
құрылған трест бастығы лауазымына ірі маман, өндірістің талантты ұйымдастырушысы,
кеңестің көрнекті ғалым-геологы И.М. Губкиннің шәкірттерінің бірі Я.В. Лаврентьев
тағайындалды, ол бұған дейін бірнеше жыл «Ембімұнай» тресінің бастығы болған-ды
(Байдосов З.Б., Се- итпагамбетов Ж.С., Султангалиева Г.С., Нуржанов Р.Н.,
«Актюбинская нефть: история и современность». Ақтөбе, 2000 ж.).
Жалпы алғанда, ол кезеңнің іздеу-барлау жұмыстары зерттеудің ұтымды кешенін
анықтауға мүмкіндік берді, бұл кешенге ең алдымен гравибарлау және сейсмобарлау
кірген болатын. Іздеу мен барлаудың геологиялық-геофизикалық жұмыстарын одан әрі
жандандыру қажеттілігі 1940 жылы республикалық масштабтағы геофизикалық
қызметті ұйымдастыруға алып келді. Осылайша Қазақ геологиялық басқармасы
жанынан М.Морозовтың басшылығымен геофизикалық топ құрылды.
2000 жылы Лақтыбай кенорнын барлау аяқталды, мұнда мұнай тұзасты
түзілімдерінде 4500 м тереңдікте орналасқан. Өткен ғасырдың аяғында Ақтөбе облысы
мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша республикада үшінші орынға (900 млн т), ал газ
қоры бойынша төртінші орынға (200 млн текше метр) шықты. Ақтөбе облысының
мұнайгаздылығын зерттеу, көптеген кенорындарды іздеу және барлау жұмыстары
П.Я.Авров, К.Х.Бакиров, Н.В.Черкашин, М.А.Шымболатов, Ю.Н.Гридасов, Н.А.Губкин,
Ю.А.Иванов, И.Б.Дальян, З.Е.Бөлекбаев т.б геолог-барлаушылардың, А.И.Цокало
сияқты бұрғылау шеберлерінің есімдерімен байланысты (Р.А.Сегедин, «Рас- сказ о
геологии Актобинской области и богатствах ее недр», Ақтөбе, 2000 ж.).
30-шы жылдары іздеу-барлау жұмыстарының қарқынды сипат алуы және жаңа
кенорындардың ашылуы басталып кету қаупі жылдан-жылға жақындап келе жатқан
соғыс өрті тұтанып кеткен жағдайда еліміздің шығысында мұнай-газ өндіру
өнеркәсібінің берік шикізат базасын қалыптастыру қажеттілігінен туындады. 1937 жылы
«Қазмұнайбарлау» тре- сі Құлсары кенорнын ашты, «Қазақстанмұнай» комбинаты
(«Ембімұнай» таратылғаннан кейін) тарапынан жүргізілген мұнай іздеу жумыстары
Норманданак, Бекбике және Жолды- бай кенорындарының ашылуына және аздаған
жылдар ішінде - 1941-1942 жылдары - игеруге берілуіне мүмкіндік берді. Осы- лайша
30-шы жылдары және 40-шы жылдардың басы Оңтүстік Ембінің негізгі мұнай-газ
кенорындарының ашылуымен және бұрынғы КСРО-ның шығысында мұнай-газ
өнеркәсібінің бе- рік шикізат базасы қалыптасуымен ерекшеленеді. 1940 жылы мұнай
өндірудің жылдық көрсеткіші 750 млн тоннаға жетті.
Алайда, Каспий маңы аумағының зерттелу дәрежесі әр түрлі болатын: жоғары
дәлдікпен сипатталатын геологиялық- геофизикалық зерттеулер Эльтон, Басқұншақ,
Индер ауданда- рында және Ембі ауданының жекелеген мұнай кенорындарында
жүргізілді, ал Орталық Каспий маңының ауқымды аумақтары тіпті байқаулық
маршруттық түсірімдермен де қамтылмаған болатын. Сол жылдары белгілі болған 400-
ге жуық перспективалы құрылымдардың 38-інде ғана барлау бұрғылауы жүргізілді [3].
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы"
Қоғамдық қоры, 2005.
2.Копбасарова Г.К. Правовая охрана окружающей среды от трансграничных
загрязнений // Вестник КазНУ. Серия юридическая, 2007,
3.Аманова А. Правовые проблемы защиты окружающей среды Каспийского моря,
связанные с разработкой ресурсов Каспия// Нефть Газ и Право Казахстана, - №1.
307
Достарыңызбен бөлісу: |