Білім беру мекемелері
мектеп директорларына
Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел қатарына қосуда адам капиталын
дамыту – басты мақсат. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары
интеллектуалды еліміздің ертеңі болатын жастардың әлеуетті күшке
айналуына зор мүмкіндіктер беруде.
Осы жайттарды ескеріп, мектеп шәкірттерінің пәнге деген
қызығушылықтарын оята отырып, қабілеттерін айқындау, білімдерін
тереңдету мақсатында Республикалық «Жас ғалым - Жастар» орталығы мен
Президенттік «Жас Ұлан» Жастар ұйымы бірлесіп, республикалық
«БӘЙТЕРЕК» зияткерлік сайысын ұйымдастыруды жоспарлауда. «Бәйтерек»
зияткерлік олимпиадасы Қазақстан Республикасы Авторлық құқықпен
қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді
енгізу туралы 2021жылғы «8» қыркүйек №20173 куәлік негізінде
заңдастырылған.
Аталған білім сайысы 8 жылдан бері өткізіліп келеді. Сондықтан, ата-ана
мен шәкірттердің өтініші бойынша білім сайысын облыс, қала, аудан
мектептерінде 2021 жыл, 15-25 қараша аралығында кезекті рет өткізуді
жоспарлап отыр. Сізден Қазақ елінің болашақ тұтқасын ұстар дарынды
шәкірттер білімінің шыңдала түсуі үшін, мектеп оқушыларының
«БӘЙТЕРЕК» зияткерлік сайысына қатысуына қолдау білдіруіңізді
сұранамыз.
Сайыс ата-аналардың рұқсатымен, ерікті түрде өткізілмек.
(Сайыстың ережесі туралы қосымша 2 бет)