Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет119/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

1990
2012
2013
2014
2015
2016
2017*
Сиыр еті
710
374
383
405
417
412
428
Қой еті
285
154
156
162
144
149
152
Жылқы еті
85
85
89
92
102
101
100
Құс еті
201
123
136
134
146
153
170
Шошқа еті
290
193
100
100
95
106
106
Барлығы
1 590
928
865
893
903
921
956
Дереккөз: ҚР ҰЭМ‑нің Статистика комитеті, 2017 г. 
*ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала деректері, 2018 ж.


219
Қазақстанның аграрлық секторы: проблемалары және даму перспективалары
Шөлейт аймақтарда, сондай-ақ таулы аудандарда ірі қара мал шаруашы-
лығының етін өндіру (ауқымды) және күйіс қайыратын кішкене малды 
өсіру, егер жайылымның тозуының алдын алу және жеткілікті сумен қамту 
қамтамасыз етілген болса, шаруашылық өндірісінің бейімделген бағыты 
деп есептеледі. Сондықтан қазақстандық ауыл шаруашылығын дамыту-
дың ең үлкен әлеуетінің бірі – ет өндірісін арттыру.
Сиыр еті еттің ең маңызды түрі болып табылады және тиісті сапа сипат-
тамаларына қол жеткізу жағдайында экспортқа жақсы мүмкіндік береді. 
Жергілікті тұқымдармен қоса (қазақ ақбас сиыр тұқымы, әулиекөл тұқымы 
және басқалары), ең алдымен Ангус, Герефорд және Лимузин тұқымдары 
сияқты ірі қара мал өсіріледі. Ірі қара малдың қарқынды бордақылау кана-
далық/американдық үлгіде бордақылау алаңында жүзеге асырылады. Ірі 
қара малдың сойылу деңгейінің жоғары болуына байланысты мал басының 
тұрақтылығы қамтамасыз етілмеген және осылайша жергілікті деңгейде 
мал басының көбеюі жоқ. Сондай-ақ, қысқы маусымда жемшөптің саны 
мен сапасы жеткілікті емес.
Ірі кәсіпорындар тиісінше сумен қамтамасыз етілсе де, қосалқы шаруашы-
лықтар мен шағын отбасылық кәсіпорындар негізінен елді мекендердің 
ортақ жайылым алқаптарына тәуелді. Нәтижесінде жайылымдардың 
сарқылуы және топырақ жамылғысының бұзылуы көрініс беруде. Сон-
дықтан да, соңғы жылдары сиыр етін өндіру көбінесе шағын кәсіпорын-
дардан ірі шаруашылықтарға ауыстырылды.
Сүт өндіру
Сүт өндірісі ет өндірісіне қарағанда фермерлік шаруашылықтарда әлдеқайда 
қарқынды орын алған. Сүтті сиырдың 80%-дан астамы қосалқы шаруашы-
лықтарда және шағын фермерлерде өсіріледі (12-сурет). Орташа алғанда, 
үй шаруашылықтарында өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қол-
жетімді мал саны екі-үш сиырдан тұрады. Сүт жергілікті нарықта, сон-
дай-ақ көршілерге сатылады. Шындығында, шаруа қожалықтары өздерінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Кейбір қосалқы шаруа-
шылықтары ғана өндірісті ұлғайтуға және нарықтың нақты қатысушыла-
рына айналуларына ұмтылуда. Әдетте, кез келген сиырды сүтті тұқымға 
(«асыл тұқымды емес») жатқызбайды. Сүт өнімділігі жылына әр бастан 
2000-нан 2500 кг дейін жетеді.


220
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сиырларды өсіруде тұқымдық жетістіктер іс жүзінде жоқ, себебі бұқалар 
таңдалмайды. Жасанды ұрықтандыру жүргізілмейді. Жануарлар жазда 
жемшөпті жеткілікті түрде тапса, ал қатты құрғақшылық кезеңде, қыста 
шөп пен судың сапасы шектелгендіктен бордақылау мәселесі қиын-
дық тудырады. Малды күтіп ұстаудың жеткіліксіз жағдайларын да қосуға 
болады. Сүт сапасының нашарлығы және маусымда жеткізілетін жемшөпке 
тәуелділігі (көктемде көп мөлшерде сүт өндірумен және күз/қыс мезгілінде 
сүттің жетіспеушілігімен), сүт кәсіпорындарында сүтті өңдеу мүмкіндігіне 
кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі осы 
мәселені шешу үшін сүт жинау орындары мен кооперативтер құру шара-
ларын қабылдауда.
12‑сурет. Қазақстандағы әртүрлі типтегі ауыл шаруашылық 
кәсіпорындардағы сүтті мал басы, мың баспен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет