Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі Әлия Мусина Табиғи ресурстарға бай елдерге қатысты сөз қозғалғанда, осы байлықтың
қолданылу ұтымдылығы мен азаматтардың әл-ауқатына әсер етуі туралы
мәселе жиі туындайды. Әдетте, табиғи ресурстарға бай қандай да бір
мемлекет тұрғындарының көпшілігі шикізаттарға қатысты жасалған
мәмілелерден түсетін жоғары пайдаға қол жеткізе алмайды. Қазақстан
бұл тұрғыдан ерекшеленбейді. Елдің экономикалық саясатында қабыл-
данған шараларға қарамастан, республика өзінің ресурстық тәуелділігінен
толығымен арыла алмай отыр.
«Мұнай» елдерінде демократия болмаған кезде «ресурстық қарғыс» туралы
әңгіме айтылады, ал дамыған демократиялық елдердің көпшілігінде
«лакмус қағазы» сияқты шикізат өте аз. Батыс Еуропа, әсіресе Германия,
жоғары дамыған технологияларға және біршама өркенденген эконо-
микаға қарамастан, өз экономикаларын шикізатпен үздіксіз қамтудың
нақты стратегияларын әзірлеуге және шикізатты іздеуге мәжбүр. Қабыл-
данған шаралар өте маңызды және экономикалық жағынан қажетті, сон-
дай-ақ серіктес елдерге қатысты демократиялық стандарттарға қойыла-
тын талаптарға сәйкес келеді.