12
Қазақстан экономикасының трансформациясы
АҚШ долларына
10
дейін он есе артып, тіпті дағдарыс кезінде де тұрақты
болып қалды
11
.
Әрине, бұл керемет өсім негізінен пайдалы қазба шикізатын барлау мен
сату және соның төңірегіндегі көрсетілетін қызметтер инфрақұрылымына
негізделген. 2014 жылы дағдарыстың басталуына дейінгі кезеңде ЖІӨ-дегі
әлсіз өнеркәсіптік сектордың үлесі – 40,5%-дан 36%-ға дейін төмендеді, ал
ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі (ЖІӨ-дегі 8,7%-дан 4,7%-ға дейін)
тіпті екі есе қысқарды
12
.
Экономикалық өсім дағдарыс кезінде 1%-ға дейін төмендегеннен кейін,
2017 жылы тұрақты 4,0%-ға қол жеткізілді, ал ағымдағы жылы шамамен
3,8% өсім болжанады
13
. Өтпелі кезеңдегі ел үшін олар қомақты болғаны-
мен, бірақ та жоғары көрсеткіштер емес. Бұл жаңа өсу мүмкіндіктерін ашу
үшін біржақты, ресурстарға тәуелді экономикадан – басқа экономикалық
өзгертулер қажет екендігін тағы да айқындайды.
Халық санының өсуі, яғни 1990 жылдардың соңында 14,9 миллионға дейін
қысқарғаннан кейін қазірдің өзінде айтарлықтай өсіп 17,8 миллион адамды
құрауы, тек он бес жылда халықтың 20%-ға артуы болашаққа үміт арт-
тырады. Атап айтқанда, Қазақстан халқының 26 процентінен астамы 15
жасқа толмағандықтан, болашақтағы әлеуеті зор.
Достарыңызбен бөлісу: