Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет14/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

Қорқыт
(Аңыз)
Қорқыттың кіндік қаны тамған атамекені Қараспан тауы еді дейді. 
Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, құрсақтағы баласын 
үш жыл тоғыз күн көтерген екен...
Қорқыт дүниеге келерде көк жүзін қара бұлт торлайды. Күн күркіреп, 
найзағай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астанкестені шығады. Жұртты 
үрей билеп, қорқа бастайды. Ел есінде сақталған аңыз бар: 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
Қорқыт туған кезінде
Қараспанды су алған,
Қара жерді құм алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған.
Қорқыт дүниеге келген соң бұлт ыдырап, күн шығады. Мұны жұрт 
жақсы ырымға балап: «Бұл бізді қорқытып дүниеге келген бала болды, 
есімі Қорқыт болсын», – деп құлағына үш рет айқайлап, есімін «Қорқыт» 
қояды...
Жастайынан табиғатпен тілдес болып өседі. 
* * * 
Күндердің  күнінде  Қорқыт  түс  кө
реді.  Түсінде  ақ  сақалы  беліне  түс
кен,  ақ  таяғы  көк  тіреген  әулие  қарт 
аян береді: «Уа, Қорқыт, сен бір ас пап 
жаса.  Аспабың  алты  жасар  нар  атан
ның  жілігіндей  болсын,  шанағы  қар 
ба қырдай  болсын,  көні  аруананың  ба
уыр  терісінен  болсын,  тиегі  ортекенің 
мүйізінен болсын, ішегі бесті айғырдың 
құйрығынан  болсын.  Аспабыңның  аты 
қобыз болсын. Сол қобыз қиялыңа қа
нат,  жолыңа  шырақ,  жаныңа  араша 
болар!»  Қорқыт  осы  сөзді  өңінде  есті
гендей болып оянса, көкірегі күйге то
лып,  көмейінен  сөз  саулағандай  халде 
екен. Сол бетінде қобыз жасауға кірісіп, 
әулиенің  барлық  шарттарын  орындай
ды. Жасап болған соң қобызды қолына 
алып, құлағын бұрап шалып көрсе, сар
нап қоя береді. Әлгі көкірегін кернеген 
күй қобызына көшіп, аспан асты сазды 
сарынға бөленеді. Ұшқан құс, жүгірген 
аң, ескен жел – бәрі сүттей ұйып, қобыз күйін тыңдайды. 
«Қорқыт ата», «Қазақ энциклопедиясы». Алматы, 1999 ж.
А. Дүзелханов «Қорқыт 
туралы аңыз»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


16
Хан ием! ҚамҒанұлы Баяндүр бір күні төсегінен тұрып, қара жерге 
өзінің ақ шатырын тіккізді. «Төбесі көкке жеткен ала шатырлар тігілсін, 
оған мың жерден кілемдер төселсін», – деп бұйрық берді. Ішкі және тысқы 
оғыздардың барлық бектері Баяндүр хан тойына жиналды. Баяндүр хан 
тойына Байбөрі бек те келді. Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына 
сүйеніп,  Қара  Кене  баласы  Қара  Бодақ,  оң  жағында  Қазанның  баласы 
Ораз,  солында  Қазылық  Оғыз  бектің  бала сы  Игенек  тұрған  еді.  Мұны 
көргенде Байбөрі бектің көкірегі қарс айырылды. Өкіріп жылап, қолына 
орамалын алып, көздерін сүртті. Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр 
ханның күйеу баласы ҚазанСалор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле 
қарады  да:  «О,  Байбөрі  бек,  мұнша  неге  қайғырасың?»  –  деп  сұрады. 
«Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тәжімді киер 
ұл  жоқ.  Өкшемді  басар  іні  жоқ.  Мен  құдайдың  қарғысына  ұшыраған 
жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын жеп 
қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, 
үйіме кім ие болмақ?» – деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» – деді Қазан. 
Байбөрі  оған:  «Иә,  бар  тілегім  сол,  менің  де  ұлым  болып,  ол  Баяндүр 
ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар 
едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», – деді. Бұл сөзді есіткенде барлық 
оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, 
«Тәңірі саған ұл берсін», – депті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы 
да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан 
орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тәңірі маған 
да бір қыз берсе екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға 
оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», – десті. «О, бектер, 
егер Көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына 
бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», – деді.
Күндерден  күн  өтіп,  тәңірі  Байбөріге  ұл,  Байбіжанға  қыз  берді. 
Мұны есіткенде, бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады. Байбөрі бек өзінің 
саудагерлерін  шақырып  алып,  бұйрық  берді:  «О,  саудагерлерім,  тәңірі 
мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, оған жақсы 
қаружарақ әкеліңдер», – деді. Саудагерлер жол шегіп, Стамбұлға келді. 
Бағалы бұйымдар, оған жақсы тартулар сатып алды. Олар Байбөрі бала
сына бір теңіз айғырын (су жылқысын), бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар) 
сатып алды, сөйтіп еліне қайта тартты. Бұл уақытта Байбөрінің баласы 
бес жасқа толып еді. Одан соң ол онға, он беске толды. Өзі сұлу, жақсы 
жігіт  болып  өсті.  Ерлігі  қарақұсқа  төнген  бүркіт  сияқты  еді.  Ол  кезде 
адам өлтіріп, қан төкпесе, балаға ат қойылмаушы еді. Байбөрінің баласы 
атына мініп аңға шықты, аңдарды қуақуа әкесінің отардағы малдары
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


17
на келді. Жылқышылардың бастығы оның алдынан шықты да, атынан 
түсіріп алып, қонақасы берді. Бұлар ішіпжеп отырған кезде баяғы сау
дагерлер де еліне жетіп, Қара сайға келіп түскен еді. Ниеті қара гәуірлер 
оларды Оник қамалында күтіп тұр еді. Саудагерлер ұйқыда жатқанда бес 
жүз гәуір олардың қосына тиіп, дүниелерін тонап алды. Саудагерлердің 
үлкендері тұтқынға түсіп, кішілері оғыз еліне қарай қашты. Келсе, оғыз 
жерінің  шегіне  ала  шатырлар  тігілген  екен,  онда  хан  баласындай  бір 
сұлу жігіт отыр, оңы мен солында қырық жігіт. «Бұл оғыз елінің жақсы 
жігіті болар, соған барып көмек сұрайық», – десті олар. Саудагерлер оған 
келіп:  «О,  жігіт,  бек  жігіт.  Менің  сөзіме  құлақ  сал,  арызымды  тыңда. 
Біздің  сапар  шегіп,  оғыз  елінен  кеткенімізге  он  алты  жыл  болыпты. 
Біздер  оғыз  бектеріне  гәуірлер  елінен  сирек  кездесетін  қымбат  заттар 
алып келе жатыр едік. Соңғы қонған жеріміз Қара сайдағы Пасаң даласы 
болған еді. Бізге Оник қамалында жатқан бес жүз гәуір шапқыншылық 
жасап, менің ағам солардың қолында кетті. Олар біздің алып келе жатқан 
барлық бұйымдарымызды тонап алды. Өзім қара басымды сақтап, осында  
келіп жеттім. О, жігіт, көмек көрсетіп, жаудан кегімді алып бер», – деді. 
Мұны естігенде, жас батырдың шарап ішіп отырған алтын кесесі қолынан 
2–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


18
түсіп кетті. «Не айтып тұрсың?! Сол жерге мені бастап алып жүріңдер, 
жүйрік  атымды  ерттеңдер,  жарақжабдығымды  түгелдеңдер,  мені  сый
лайтын жігіттер түгел атқа мінсін!», – деді. Шешім осылай болды. Сау
дагерлер алға түсіп, жол бастады. Гәуірлер бір жерге барып, бас құрап, 
дүние бөлісіп жатыр екен. Солардың үстіне жас батыр, қанды соғыстың 
арыстаны,  ерлердің  жолбарысы  келіп  жетті.  Екі  ауыз  сөзге  келместен, 
ол  гәуірлерге  қылыш  жұмсап,  қырғидай  тиді.  Басын  көрсеткендердің 
бәрінің де қыл мойнынан қылыш ұрып, қыра берді. Дін үшін үлкен ерлік 
көрсетіп,  саудагерлердің  тауарларын  өздеріне  алып  берді.  Сонда  сауда
герлер  тұрып:  «О,  бек  жігіт,  сен  бізге  шын  ерлерше  көмек  көрсеттің. 
Енді қосымызға барып, қалаған затыңнан сыйлық ал», – десті. Жігіттің 
көзі  теңіз  жылқысы  шұбар  айғырға,  темірден  соққан  шоқпарға,  емен
нен істелген садаққа түсті. Оған ұнағаны осы үш нәрсе болған еді. «О, 
көпестер,  маған  сыйлық  бергілерің  келсе,  су  айғырын,  анау  садақ  пен 
шоқпарды беріңдер», – деді бала. Бұған саудагерлер қиналып қалды. Сон
да жігіт: «Неге ойланып қалдыңдар, көпестер? Әлде мен көбірек сұрадым 
ба?»  –  деді.  Саудагерлердің  бірі:  «Әңгіме  оның  көпаздығында  емес. 
Бұл үш бұйым біздің еліміздің бегінің баласына әкеле жатқан тартулар  
еді», – деді. Сонда жігіт: «Ол қандай бектің баласы, білесіңдер ме?» – деп 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


19
сұрады.  Көпестер  оған:  «Ол  –  Байбөрінің  баласы,  аты  Бамсы  болса  ке  
рек»,  –  деді.  Олар  өздерінің  алдында  тұрған  жігіттің  Байбөрі  баласы 
екенін білмеуші еді. Жігіт үндемей ішінен «Бұл заттарды қарыздар бо
лып көпестер қолынан алғанша, қарызсыз өз әкемнің қолынан алғаным 
дұрыс  болар»  деген  ойға  келді.  Сөйтті  де  атына  қамшы  ұрып,  жолға 
түсті.  Көпестер  оның  артынан  қарап  тұрып:  «Бұл  тегін  адам  болмады, 
қайырымды батыр жігіт екен», – десті.
Жас жігіт үйіне келіп, әкесіне көпестердің келіп жеткенін айтты.  
Әкесі  бұған  қуанып,  ақ  шатырын  орнатып,  ақ  отаулар  тіккізді,  оған 
жібек  кілемдер  төсетті.  Өзі  төрге  шықты  да,  баласын  оң  жағына 
отырғызды.  Бала  өзінің  көпестерге  қалай  бо лыс қанын,  гәуірлердің 
қалайша қырғын тапқанын әкесіне айтпады. Сол кезде көпестер келіп, 
бастарын  иіп,  Байбөріге  сәлем  берді.  Қараса,  бая ғы  жауды  жеңіп, 
қан  төккен  жігіт  Байбөрінің  оң  жағында  отыр  екен.  Көпестер  балаға 
жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Бұған Бай бөрі бек шамданып: 
«Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Әке сінің қасында отырған 
баланың  қолынан  сүю  көргенсіздік  болады»,  –  деді.  Сонда  көпестер: 
«Хан ием, бұл жігіт сіздің ұлыңыз ба еді?» – деп сұрады. «Иә, ол ме
нің ұлым», – деді Байбөрі. Көпестер бұған таң болып: «Хан ием, мұны 
біз  білгеніміз  жоқ  еді.  Жақсы  болыпты.  Егер  біз  оның  қолынан  сіз
ден  бұрын  сүйіп  алған  болсақ,  оны  кешіріңіз,  ашу  қылмаңыз.  Сіздің 
ұлыңыз бізге болысып, ерлік көрсетпесе, әкеле жатқан тауарларыңыз 
Грузия жерінде қалған болар еді, біздің бәріміз тұтқында кеткен болар 
едік»,  –  десті.  Байбөрі  оларға:  «Айтыңдар,  менің  балам  жаулардың 
басын кесіп, қан төкті ме?» – деді. «Иә, ол көп адамның басын кесіп, 
жерді қанға бояды», – десті көпестер. «Ендеше, оған ат қоятын мезгіл 
өтіп  те  кет кен  екен»,  –  деп,  Байбөрі  барлық  оғыз  елінің  бектерін 
шақырып, той қылды. Сол тойға менің атам Қорқыт келіп, балаға ат 
қойды. Тойда отырып ол: «Сөз тыңда, Байбөрі бек! Тәңірі саған ұл берді, 
өмірі ұзақ болсын. Ол оғыздардың тірегі, ту ұстайтын батыры болсын. 
Басынан  қар  кетпейтін  биік  тауларға  шығамын  десе,  ұлың  соның  ең 
биік  құзына  шығатын  болсын.  Ағысы  қатты  қан  сасыған  өзендерден 
өтемін десе, Тәңірі оның жүзіп өтуіне жар болсын. Ұлың қара орман
дай  жау  ортасына  кірер  болса,  Тәңірі  оның  ісіне  сәт  берсін.  Ұлыңды 
«Бамсы» деп атап жүр едің, ендігі аты БамсыБайрақ болсын, мінген 
аты  Байшұбар  деп  аталсын.  Менің  қойған  атым  –  сол,  Тәңірі  оның 
жұрымын берсін», – деді. Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, 
жақсы  тілек  білдірді.  «Ұлыңның  аты  өзіне  сай  болды,  бақытты  бол
сын!» – деп бата берді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет