Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет67/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

3-тапсырма.  Романның  жанрлық  ерекшелігіне  байланысты  сюжетін 
қысқаша баянда. Хрестоматияны пайдалана отырып, романның эпилогы 
мен прологын анықта.
 
Пафос  (грекшеден: 
pathos  –  сезім,  құмарлық)  –  құлшыныс, 
құш тарлық,  асқақтық,  қуатты  сезім  мен  терең  шабыт  мағынасында 
қолданылған.  Ежелгі  грек  әдебиетінде  пафосты  жазушының  шы
ғармашылық идеясын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің 
бейнеленуі  дәрежесін  бағалауда  негізгі  көрсеткіш  ретінде  таныды. 
Пафос  арқылы  ақынжазушының  қоғамдықәлеуметтік  идеалын 
анықтау  да  қалыптасты.
  Аристотель  пафосты  объективтік  жай
лар  арқылы  экспрессивтік  бейнелер  жасау  деп  есептеген.  Пафостың 
түрлерін  негізінен  трагедия,  қаһармандық,  комедия,  романтика,  
сатиралық,  драмалық  т.б.  деп  жіктеу  қалыптасқан.  Көркем  шығар
мадағы «негізгі ой», «өзекті идея», «авторлық бояу», «ұлттық реңк», 
«басты  желі»  деген  ұғымдарды  пафоспен  тығыз  байланыста  қарас
тырған дұрыс.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


106
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Романның идеясы мен пафостық ерекшелігі неде? 
2. Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді? 
3. Романда қай тарихи кезең суреттелген? 
4.  Не  себепті  автор  романды  «Бақытсыз  Жамал»  деп  атаған?  Романға  ат 
қойсаң, қалай атар едің?
5. Романда ұлттық пафос қалай көрінген? 
5-тапсырма.  Шығармадан  тура  және  жанама  мінездеуді  тауып,  бе
рілген кестені толтырыңдар. 
Кейіпкер
Мінездеу түрі
Шығармадан дәлел келтіру
Сәрсенбай
Шолпан
Жамал
Ғали
6-тапсырма.  Жамалдың  мінезіне  байланысты  берілген  анықтама
ларды  дәлелдеу  үшін  шығармадан  үзінділерді  тауып,  талдаңдар. 
Хрестоматиядағы толық нұсқаны пайдалануға болады.
Мінез 
ерекшелігі
Шығармадан 
үзінді
Менің ойымша...
Мақсаты бар
Зерек, 
оқуға бейім
Үш жарым 
айда Жамал 
мұғалімнің 
ыждағаты, өзінің 
өткір зейіні сая
сында хат танып
жазарлықтай 
болды.
Жамал аз 
уақыт та хат 
танып, жазу 
жазуды үйреніп 
алды.
Көптеген 
қисса, дас
тандарды 
оқыған.
Ақылды
Ақын
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


107
Басталуы
Байланысуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет