Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет251/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

А.А. Туктасинова
1
, К.Ш. Бакирова
2
1
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен, Қазақстан
2
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
Биологиялық білім беру бағдарламаларының бір мысалы ретінде 
CLIL технологиясын жүзеге асыру мәселесі жайлы
Андатпа. 2015-2020 жылдарға арналған Үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасына сәйкес Қа-
зақстан Республикасының жоғары мектептері базасында көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында 
пән мен тілді кіріктіріп оқыту (Content and Language Integrated Learning) қолданылады. Кез келген педа-
А.А. Туктасинова, К.Ш. Бакирова


176
№ 1(134)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
  
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
гогикалық технология сияқты, CLIL оқыту жүйесі де таңдалған пәндер циклінде, оқу нысанында немесе 
жалпы жоғары мектепте технологияны қолдану мен одан әрі дамытуға әсер ететін бірқатар факторларға 
иелік етеді. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуды іске асыруға ықпал ететін немесе тежейтін факторлар, осы 
оқытуды іске асыру процесінің өзі де әлемдік практикада да, Қазақстан аумағында да айырықша назар 
аудару объектісі болып табылады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универ-
ситетінің биологиялық білім беру бағдарламалары базасында осы факторларды зерттеуге, қолданыстағы 
оқыту үрдісінің оң және теріс ықпалдарын анықтауға және оқыту процесінде туындайтын қиындықтар-
дың  себептерін  анықтауға  бағытталған  зерттеу  жүргізілді.  Зерттеу  сауалнама  әдісімен  алынды.  Пән-
дік-тілдік кіріктірілген оқыту процесіне қатысушылар, яғни ағылшын топтарының оқытушылары мен 
білім алушылар респонденттер ретінде өздерінің пікірлерін білдірді. Алынған ақпараттар мен зерттеу 
нәтижелері негізінде мәселені жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы анықталып, пәндік-тілдік ықпалда-
стырылған оқытуды жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. Алынған мәліметтер сөз болған технология 
оқытуды жүзеге асыру және оның сапасын одан әрі арттыру құралы ретінде қарастырылуы ықтимал 
екендігін көрсетті.
Түйін сөздер: пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL), CLIL факторлары, CLIL іске асыру, білім алушы-
лардың бейімделуі, оқытушылардың бейімделуі, сауалнама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет