жылы бөлініп алынған. Лимоннан аталған қышқылды бөлу экономикалық тұрғыдан
тиімсіз болғандықтан, қышқылды өндірудің басқа жолдары іздестірілген. Aspergillus
туыстасына жататын саңырауқұлақтың көмірсуларды лимон және қымыздық қышқылын
түзе тотықтыратындығы анықталынған. Бұрынғы Кеңестер Одағында (В.С. Буткевич, С.П.
Костычев), кейін шет елде лимон қышқылын саңырауқұлақтар көмегімен алу
саңырауқұлақтың қыртысты қабықшасының астындағы ерітіндіні құйып алып, оның
орнына дәл сондай көлемде қант ерітіндісін қосады. Осы жағдайда төртінші тәуліктің
бұл пайдаланылған қанттың 60%-ын құрайды. Тазартқаннан кейін оны әртүрлі
техникалық мақсатта пайдаланады. Өндірістік жолмен қышқылды ферментаторларда
Мукор саңырауқұлақтары көмірсуларды тотықтырып, янтар және фумар
қышқылдарын түзеді. Бұл тотығу процестерінде заттардың ыдырауымен қатар, олардың
энергия бөліп, синтезделуіде жүреді. Қазіргі кезде фумар қышқылын мукор
саңырауқұлақтарының көмегімен өндірістік өндіру жолы белгілі. Бұл қышқыл бояу және
синтетикалық смола алуда қолданылады.
Микрорганизмдердің клетчатканы ыдыратудағы рөлі. Клетчатка құрамына
биосферадағы барлық органикалық көміртегінің 50% астамы кіреді. Клетчатка өсімдіктер
әлемінің кең таралған полисахариді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 15-20% целлюлоза
құрайды. Өсімдік шіріген кезде клетчатка ыдырап, көміртегі бөлініп шығады.
Клетчатканың (целлюлоза) түрленуі аэробтық және анаэробтық жағдайларда өтеді.
Табиғатта клетчатканың ыдырауы топырақта, су көздерінде, көңде және шөп
қоректілердің асқорыту жолдарында байқалады.
Клетчатканың анаэробтық ыдырауының (ашуы) көміртегінің айналуында үлкен
маңызы бар.
1875 жылы Л. Попов микроорганизмдердің анаэробтық жағдайда клетчатканы
ыдырататындығын анықтаса, қоздырғышты 1889-1902 жылдары В.Л. Омелянский бөліп
алды. Ол қоздырғыштарды клетчатканы сутектік (Bac. cellulosae hydrogenicus) және
метандық (Bac. cellulosae methanicus) ашыту бактериялары ретінде суреттеді. Бұл
бактериялардың пішіні барабан таяқшасына ұқсас, бірақ өлшемі жағынан
айырмашылықтары бар. Метандық ашыту бактериясы сутектік ашыту бактериясынан
кішірек, сонымен қатар біріншісінің спорасы екіншісіне қарағанда ертерек пайда болады.
Соңғы ерекшелік қоздырғыштарды қыздыру арқылы бөліп алуға мүмкіндік береді.
Метандық ашыту қоздырғышының спорасы өскеннен кейін, оның өсіндісін қыздырады,
нәтижесінде жасуша өледі де, осы кезге дейін өсіп үлгермеген сутектік ашыту
бактериясының спорасы тірі қалады. Сутектік ашу кезінде май қышқылы, сірке қышқылы,
көмір қышқыл газы мен сутегі түзіледі. Метандық ашу нәтижесінде газтәріздес өнімдер
көбірек болып, ол ыдыраған клетчатканың жартысын құрайды.
Целлюлоза
ыдыратушы
микробтар
(Ruminococcus
flavefaciens)
күйіс
қайырушылардың асқазан-ішек жолдарында тіршілік етеді және өсімдік клетчаткасын
ыдыратуға қатысады. Осы кезде пайда болатын сутегі мен метан ірі қара малының
метеоризмін (месқарынның кебуі) туындатады. Басқа жануарларда бұндай құбылыс жеңіл
ашитын жем бергенде байқалады. Метандық ашу қоздырғышы – В
12
витаминін өндіреді.
Клетчатканың аэробтық целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдер әсерінен
тотығуы. Клетчатканың анаэробтық тотығуы табиғатта кең таралынған. Бұл процестің
қоздырғыштарын С.Н. Виноградский ашты және оларды үш топқа біріктірді:
1) Cytophaga туыстасы – иректелген, шеттері үшкірленген таяқша;
2) Cellvibrio туыстасы – ұзын, сәл иректелген, полярлы орналасқан жіпшелері бар
таяқша;
3) Cellfalcicula туыстасы – қысқа, шеттері үшкірленген таяқша.
Целлюлоза ыдырататын микроорганизмдерді анықтау үшін қағаз сүзгіні қоректік
орта құйылған және топырақ қосылған эрленмейер шыны сауытына салады. Біраз
уақыттан кейін сұйықтық пен ауаның шекарасында шырышты, сары түсті дақтар пайда
болып, қағаз талшықтарға ыдырайды. Целлюлоза ыдыратушы микробтар клетчатка бар
ортада
ғана
өседі.
Клетчатканы
аэробтық
жолмен
актиномицеттер
және
саңырауқұлақтарда ыдыратады. Топырақтың құрамында клетчатканы ыдырататын
бактериялардың болуы аталған бактериялардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін
өнімдерді қоректік заттар ретінде пайдаланатын азот сіңіруші микробтар үшін өте
маңызды. Әртүрлі аэробтық микробтар пектиндік заттарды да ыдыратады. Оларды
зығырды және басқада талшықты өсімдіктерді шық