сұйықтықтардың тұтқырлығы көбейеді. Бұның барлығы микробтарға қолайсыз әсер етіп,
көбінесе олардың өлуіне әкеліп соғады. Микроорганизмдердің ішінде өте жоғары
қысымда өмір сүре алатын түрлер де кездеседі. Мысалы, теңіз және мұхиттардың терең
заттардың мөлшерімен анықталатын ортаның осмостық қысымы микробтық жасушаның
метаболизмінде үлкен рөл атқарады. Бактерияның ішіндегі осмостық қысым, сахарозаның
10-20%-ды ерітіндісінің қысымына сәйкес келеді. Бактерияларды қысымы жоғарырақ
ортаға орналастырса – плазмолиз (жасушаның сусыздану әсерінен өлуі), ал егер осмостық
қысымы төмен ортаға орналастырса, онда судың жасуша ішіне енуі нәтижесінде
плазмоптиз құбылыстары өнеркәсіпте және тұрмыста әртүрлі өнімдерді консервілеу үшін
(қияр, қызанақ, т.б.) қолданылады.
Жоғары осмостық қысым жағдайында көбейе алатындар - осмофилдік
микроорганизмдер немесе галофилдер (тұз сүйгіштер) деп аталады. Олардың ферменттері
натрий хлориді көп мөлшерде болған жағдайда ғана белсенді бола алады. Натрий иондары
галофилдерге қоршаған ортадан қоректік заттарды сіңіру үшін қажет. Кейбір галофилдер
(Halobacterium, Micrococcus, Sarcina) 20-30%-тік натрий хлориді бар жерде ғана көбейеді.
Мысалы, сортаң топырақта, балықты және етті тұздауға арналған тұздықтарда.
Қазіргі кезде микробиологияда микроорганизмдердің баробиологиясы деп аталатын
жаңа бағыт пайда болды. Ол гидростатикалық қысымды - теңіз бен мұхит суларының
терең қабатындағы микроорганизмдердің таралуы мен белсенділігіне әсер ететін
экологиялық фактор ретінде зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: