Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
Ermekova Turky tildery

 
 
 
 
 
 


 
54 
Тарихи атаулардың танымдық мәні 
 
1. Тарихи атаулардың танымдық мәні 
 
Тарихи  атаулардың  танымдық  мәні.  Тарихи  атаулардың 
басым  бөлігін  жер-су  атаулары  мен  тайпалық  одақтардың  ат-
тары құрайтындығы зерттеу кезінде белгілі болды. Олар ғалым 
Г.Қосымованың «Тарихи атаулар этимологиясы»  атты кітабын-
да сөздік түрінде түзіліп, тарихи этимологиясына түсінік беріл-
ген.  Ру-тайпа  аттары  мен  лауазым  иелерінің  атаулары  туралы 
мәліметтер беріледі. 
Тарихи  атаулардың  басым  бөлігін  жер-су  атаулары  мен  
тайпалық  одақтардың  аттары  құрайтындығы  зерттеу  кезінде 
белгілі болды. «Тарихи атаулар этимологиясы» атты кітапта та-
рихи  этимологияға  түсінік  берілді.  Бұл  кітапқа  енбей  қалған 
түркі  қағанаттары  тарихындағы  ру-тайпа  аттары  мен  лауазым 
иелерінің атаулары әр жерде, әсіресе, тарихи еңбектерде қажет-
тілігіне қарай аталып жүргенімен, тілдің таным нысаны ретінде 
арнайы зерттелген жоқ. 
Ру-тайпалардың  таралуын,  тарихи  дәуірлерде  қалыптасу 
сипатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген мәдени шежіре өзін таныт-
қысы  келген елдердің  бәрінде бар.  Сібір  халықтары,  Германия, 
Англия, Франция, Ресей т.б. көптеген елдер шежірелерін жинақ-
тап,  баспадан  шығарып  отырған.  Қазақ  шежіресі  де  тарихи 
шығарма ретінде ауызша да, жазбаша да жеткізіліп отырған. 
XVIII-XIX ғасырларда қазақ ойшылдарының жазған шежі-
релерінің  қатарына  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың,  Қадырғали 
Жалаиридың  және  Жәңгір  хан  шежіресі  т.б.  осы аталған  шежі-
релер ру аттарының дыбыстық, мағыналық сипатын, таралу ай-
мағын,  оларға  қатысты  тарихи  оқиғалар,  бір-бірімен  қарым-
қатынасы,  ру-тайпа  ішінен  шықққан  батырлар  мен  шешендер 
жайында  мол  деректер  береді.  Мысалы,  Кіші  жүздің  Әлімұлы 
рулар бірлестігінен тараған рудың бірі -  Шекті. Тарихшы-этно-
графтардың  зерттеулерінде  әртүрлі  пікірлер  айтылса  да, 
М.Қашқаридың  «Диуани  лұғат-ит  түрк»  шығармасында  Чу 
өзенінің  бойында  орналасқан  Чекл  тайпасы  деп  аталған. 
Алтайдағы  Чу,  Чуя  өзендерінің  бойында  Чу  даласы  атауы  осы 


 
55 
күнге  дейін  сақталғандығы  белгілі.  Шекті  атауы  орыс  жылна-
маларында  XVIII  ғасырда  белгілі  болды.  Мұрағат  деректерінде 
төрт  таңбасы  белгіленген:  М.Қашқари  көрсеткен  алғашқы  ата-
лымы  ру  атының  шекті  қалпына  қандай  дыбыстық  өзгерістер-
мен жеткендігін анықтауға көмектеседі. 
Шеркеш  -  Серкеш,  Черкес  болып  дыбысталған  Кіші  жүз 
Байұлы құрамындағы тайпа. Оңтүстікті мекендеген Шеркештер 
Қоңырат, Ұлы жүз тайпаларымен көршілес отырған. ХХ ғасыр-
дың басында Шымкент уезінде де шеркештердің 158 үйі қоныс-
танған. 
Шөмекей  –  көне  түркі  тайпасы.  Қазақ  шежіресінде 
Әлімұлы  рулар  бірлестігіне  енеді.  Қазақ  халқының  негізін  қа-
лыптастыруға  қатысқан  ежелгі  тайпалардың  бірі.  Н.А.Аристов, 
Г.Грумм-Гржимайло  жазбаларына  сүйенсек,  бұл  тайпа  VI  ға-
сырда  белгілі  болған,  Барлық  пен  Тянь-Шань  аралығын  мекен 
еткен.  Чу  тайпаларының  құрамында  Чумугунь  деген  атпен  та-
ралған. Қытайлар 654 жылы Чу бойындағы Чумгунь тайпасына 
шабуыл  жасап,  30  мың  адамын  өлтірді.  Бұл  тайпалар  Батыс 
Түрік қағандығының құрамына енеді.  
Шыбыл  –  Шапырашты  тайпасынан  тарайтын  рулар  бір-
лестігі.  Шыбылдың  ерте  кездегі  мекені  Шу,  Талас  өзендерінің 
бойы,  Әулие  ата,  Сайрам  төңірегі  болған.       18-ға  ғасырдың 
соңына  қарай  қазіргі  Алматы  облысының  Көкалашар, 
Қарашеңгел, Ақши, Түрген маңына келіп қоныстанған. Шыбыл 
атауы ерте орта ғасырдан белгілі. М. Қашқари еңбегінде Чигил 
деген атпен белгілі. Бұл тайпаның орталығы –  Шапыраштылар 
мекендеген  Тараз  қаласына  жақын  болған,  рудың  біраз  бөлігі 
Албан руы мекендеген Ыстықкөлдің  солтүстік-шығыс жағында 
болған. 
Көне тарихта кездесетін атаулардың бірі –  Сарыұйғырлар
Бұлар  түркі  халықтарының  бір  бұтағы,  жалпы  саны  10  мыңға 
жуық,  өз  алдына  халық  атанған  үлкен  бірлестік.  Түркі  халық-
тарының ішінде мұсылман дінін қабылдамаған. Сары-ұйғырлар 
бір  мың  жылдықтан  бұрын  Моңғолияның  Орхон,  Селенгі  өзе-
нінен  және  Шығыс  Түркістаннан  қоныс  аударған.  Діні  –  
буддизм мен шаман діні.    


 
56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет