70
3.Жаңа түркі тілдері. Оңтүстік түркі тілдері – 1) ескі осман
тілі; 2) жаңа осман тілі және қазіргі түрік тілі; 3) осман тілінің
диалектілері: а) анатоли және рум диалектісі; ә) гагауыз диалек-
тісі; б) қырым османдарының диалектісі; 4) азербайжан тілі;
5) түркімен тілі.
Батыс түркі тілдері – 1) каспий тобы: а) жаңа куман тіл-
дері; ә) қырым татарларының тілі; б) құмық тілі; 2) орал тобы:
а) Қазан татарлары мен Батыс Сібір өлкесіндегі татарлардың
тілі; ә) башқұрт тілі.
Орталық түркі тілдері – арал-каспий тобы: а) қазақ тілі;
ә) қарақалпақ тілі; б) ноғай тілі; в) өзбек тілінің қыпшақ диа-
лектісі; г) қырғыз тілі.
Шығыс түркі тілдері – 1) өзбек тілі; 2) жаңа ұйғыр тілі;
3) сары ұйғырлар мен салар тілі.
Терістік түркі тілдері – 1) алтай тілі; 2) абақан, чулум, шор
тілдері: а) абақан тілі; ә) чулум татарларының тілі; б) шор тілі;
3) сойон және қарағас тілдері; 4) якут тілі (долған тілі де осы
топқа кіреді).
Бұлғар тілдері: 1) ғұндар тілі, Дунай бұлғарларының тілі,
Еділ бұлғарларының тілі; 2) чуваш тілі.
Бұл арада ескерте кететін бір жәйт – бұл келтірілген түркі
тілдерінің жіктелуі (классификация) мен осы оқу құралындағы
түркі тілдерін жіктеуде айырмашылықтар бар. Мысалы, «Орта
түркі тілдері» дегенді, біз «Орта ғасыр ескерткіштері», «Батыс
түркі тілі» дегенді, «Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіш-
тер», «Хорезм түріктерінің тілі» дегенді, «Орта Азия түріктері-
нің тілінде жазылған ескерткіштер» деп алдық. Мұның өзінше
себептері бар. Ол жайында аталған тарауларда арнайы түсінік
бар.
Достарыңызбен бөлісу: