80
енисей қырғыз тілі сияқты з- тілдерінің (азақ – аяқ, қоз – қою,
зол – жол) жеке ондығын құрды.
Көне қырғыздардың жазба тілі Енисей маңындағы ескерт-
кіштерден, рунадан анық көрінеді.
Қырғыздар үшін д-тіл қазіргі архаикалық түрдегі және
салтанатты, сондай-ақ эпитафиялық қолданыс тапты.
Көне қырғыз тілі дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
1. VІІ-ХІ ғ. Енисей-моңғол дәуірі. Бұл кезеңнің соңында
ХІ-ХІІғ. қырғыз тілі қыпшақ тайпаларының тілімен
араласып кетті.
ХІ ғ. ортасында ұйғыр-қағанатының қырғыздардан күй-
реуінен кейін Моңғолияда қырғыздардың з-тілі ұйғырлардың д-
тіліне үстемдік етті.
Ұйғырлардың з-тілімен араласқан бөлігі солтүстік Қытай
жеріне қоныстанды. Осы жерде Қытай мен Моңғол тілдерімен
байланысты дамыған ұйғыр тілі қазіргі сары ұйғыр тілін қа-
лыптастырды.
Хакас – Минусинск шұңқыры өңірінде қырғыздар угор,
самодий, кет және түркі тайпаларымен қақтығысты.
2.ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтай дәуірі қырғыздардың бір
бөлігі моңғолдармен шапқыншылықтың нәтижесінде Оңтүстік
Алтай өңіріне қоныстанды.
3. ХV-ХVІ ғасырларда Тянь-Шань кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: