2. Фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
1) Тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың мағынасына жақын
келетін сөздермен ауыстырылып қолданылуы: «Ауыр қылмысқа адамды өмір
сүру құқығынан қию жатады».
2) Тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: «Қысылтаяң
қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ерге, елге
медет болып, адамның ақиқат пен шындыққа, ақылдық пен қайраттылыққа
меңзеліп отырады».
3. Морфологиялық қателер:
1) Тек қана жекеше түрде қолданылатын зат есімдерге көптік жалғаудың
тұлғасын қосып жазу:
Зат есімдерде септік жалғауларының дұрыс қолданбауы: «Біз бұл өмірде
бақытты болу үшін туылдық»; «XXI ғасырдың мақсаты осы, өмірде сау
сәбиді өмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;
2) Сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Бас Хатшының
Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш
көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап
кеткен ләзім».
Достарыңызбен бөлісу: |