Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік
пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп
есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен
өсуіне əрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің жəне оның шешімдері мен
əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен
мəжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел
билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын жəне олардың тіршілік
əрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп
шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бəсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси
қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті əлеуметтік-саяси факторлар тəн ерекше
саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік
үшін ашық бəсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар
түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер
анықталынған, саяси жинақылық төмен.
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дəрежесі мен саяси бəсекелестіктің болуы
тəн. Саясат элитарлық əрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық,
заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, мəселен
өнеркəсіптік жəне аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы күрес болуы
мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты революция деген
атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нəтижесінде күресуші элитарлық топтар
арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы компромисс жəне одан кейінгі саяси процесс
Англияда саяси консесуалдық мəдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің
ірге тасын қалады.
Ағылшын демократиясының көптеген ерекшеліктері өздерінің тамырын осы
саяси дəстүрден алған.
Бəсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң əлеуметтік қарсы
тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |