АЛМАС АППАЗОВ
14. Қыстау үшін пайдаланылды: көл, өзен бойы
15. Қыстау үшін көл, өзен бойы пайдалану себебі: ол жерде мал азығы қамыс, тоғай
көп болды
16. Қысқы жайылым: қыстау
17. Көктемдегі жайылым: көктем
18. Жаздағы жайылым: жайлау
19. Күздегі жайылым: күзеу
20. Той, ойын, бәйгелер өткізілді: жайлауда
21. Желтоқсанда көшпелілер қысқа дайындап сойған азығы: соғым
22. Малдың жаппай қырылуы: жұт
23. Жұт дегеніміз: қыста малдың қар астындағы шөпті жей алмауы
24. Көшпелілерге жорық жасалды: қыста
25. Көшпелілерге жорық қыста жасалудың Рузбихан бойынша себебі: ұлыстар
шашырап орналасты да, қысқы тұрақтар арасындағы қашықтық 15 күндік
жолды құрады
26. 15-17 ғғ. киіз үй мен қатар қолданылды: арба үстіне тігілген үйлер
27. «біз баспаналары бар арбаларға жегілген сансыз көп түйелерді көрдік, олар алыстан
қала сияқты елестеді» - деп дерек берген ағылшын зерттеушісі: А. Дженкинсон
28. «Дешті қыпшақ тұрғындарының арба үстінде киіз үйлері, жабық арбалары болды» -
деп дерек берген: ортағасырлық авторлар
29. Жабық арбалар турады «қандай ғажап шатырлар» - деген: Рузбихан
30. «Даладағы қамалдар. әуе кеңістігінде үйлер», «Олар жолда аялдап, тоқтағысы келген
кезде, көшпелілер бұл үйлерді арбалардан түсіріп, соларда тұрады» - деп жазған: И.
Барборо
31. Арбаға жегілді: өгіз, түйе
32. Жиналмалы киіз үйлерге көшу басталды: 18 ғасырда
33. Көшпелілер аңды көбінесе аулаған: садақпен
34. Қазақтарда отбасылық кәсіптердің ішінде жоғары дамыған: тері өңдеу
35. Қазақ шаруашылығында маңызды орын алған кәсіптер: қолөнершілік және
отбасылық кәсіп
36. Әйелдер атқарған жұмыстар: киіз басу, тері өңдеу, киім тігу
37. Ер-азаматтардың ең басты міндеті: елді, отбасын, дүние-мүлкін қорғау
38. Көшпелілердің ежелгі және ең басты міндеткерлігі: әскери міндет
39. Көшпелілер жыл сайын өз кірісінің қанша бөлігін салыққа төлеген: 1/20
40. Малшылар салықтары: зекет, соғым, сыбаға
41. Егіншілер мен қолөнершілер салықтары: ұшыр, баж, харадж
42. Қазақстан оңтүстігіндегі меншік түрлері: сойырғал, мильк, вақф
43. Көшпелі ақсүйек қауымның отырықшы-егінші халықтарға үстемдігінің кең тараған
түрі: сойырғал
44. Әскери немесе азаматтық қызметі үшін сыйға берілді:
қала немесе егіншілік
аймақтар