7-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілі дауыссыздар
жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)
1. Дауыссыз дыбыстар.
2. Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі
көрінісі.
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз фонема болған. Олар мыналар: б, п, д, т,
к — қ, г — г, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, л, р; қ — к, г — г дыбыстары дербес фонемалық
қызмет атқармаған, қ жуан дауыстылармен айтылса, к жіңішке
дауыстылармен айтылған, сол сияқты г — жуан дауыстымен айтылатын қ
дыбысының ұяң варианты да, г — жіңішке дауыстылармен айтылатын к
дыбысының ұяң варианты ретінде ғана қолданылған. Қысқасы, 4 дыбыс екі
дауыссыз фонеманың көрінісі болған.
Көне түркі жазуы консонанттық негізде жасалған. Сондықтан жеке
дауыстылардан гөрі буын сапасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу ол
жазуда басым болған. Жазудың дауыссыздарды белгілейтін таңбалары, соған
сәйкес үш түрлі топқа бөлінеді: жуан дауыстылармен бір тіркесте айтылатын
дауыссыздар б, д, г, қ, л, н, р, с, т, й, жіңішке дауыстылармен бір тіркесте
айтылатын дауыссыздар б,
д, г, к, л, н, р, с, т, й; жуан дауыстылармен де,
жіңішке дауыстылармен де айтылатын дауыссыздар м, н, ң, п, ш, ч, з.
Сонымен, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін таңбалар үш түрлі: жуан
буындағы дауыссыз таңбасы, жіңішке буындағы дауыссыз таңбасы, жуан
буыңда да, жіңішке буында да айтыла беретін дауыссыз таңбасы.
Аффиксгер құрамында д~ т,г~к, г~ қ дыбыстары сәйкес қолданылған, яғни
олардың өзара ауысуы аффикстерді қызметі жағьшан ерекшелемеген.
Сөз басында д, г, г, н, ң, р, з айтылмаған. Ал л^ ^дыбыстары басқа
тілдерден енген сөздердің басында ғана айтылған. М, б дыбыстары сөз
басында бірі екіншісінің орнына айтылады: мен — бен, мің — бің (мың), маңа
— баңа, (маган), менгү — бенгү (мәңгі). Бұл ауысу соңғы мұрын жолды
дыбыстың ықпалы болу керек деген пікір бар.
Сөздің соңында ң дыбысы г (г) дыбысына сәйкес қодданылады:
тәуелділіктің II жағы мен жедел өткен шақтың жекеше II жағы -ң және -г (г)
түріңде айтыла береді.
Қазақ тілі - қыпшақ тобындағы тілдер тобына жатады. Ал
қыпшақ тобындағы тілдердің қарлуқ, оғыз тобындағы тілдерден
фонетикалық негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей^І) 8 —
9 дауысты дыбыс бар, ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады:
татар, башқүрт тілдеріндегі бүл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер
қүрамында еріндік дауыстылар айтылмайды; 3) сөз қүрамындағы
еріндік үндесу әлсіз. Қазақ тіліңце сөздің бірінші буынында еріндік,
кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға
әсер етеді. Бірақ өте өлсіз байқалады, соңдықтан жазуда ескерілмейді;
4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылар
орнына қыпшақ тілдеріңце дифтонгілер айтылады; 5) көне түркі
тіліндегі г, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі орнына
өзгерген жаңа тіркестер (ау, ой, ыу, ей, ій, уй, үу, үу) қолданьшады;
6) көптеген тілдерде сөз басында айтылатын қатаң п орнына үяң б
айтылады, бірақ жіктеу есімдіктері м, б дыбыстарымен мен, бен
түріңце дыбысталады; 7) сөз басыңда қатаң т, қ, к дауыссыздары
жиі қолданылады; 8) сөз басыңца дж дыбыстары жарыса қолданылады; 9)
соз ішінде екі дауысты дыбыс аралығында п, қ, к қатаңцары үяңдап кетеді.
Қыпшақ тілдерін ортақ қүбылыстар, екінші жағынан, оларды түркі
тіддерінің басқа топтарынан ерекшелейтін белгілер осылар. Ал кене
тілдердегі з, д дыбыстарының орнына й дыбысының айтылуы, қатаңцар мен
үяңдардың жіктелуі тек қыпшақ тілдеріне ғана емес, жалпы Батыс Хун
тармағына тән белгілер.
Қазақ тілінің этногенездік негізі жайлы осы орайда айта кететін бір
жай:
Қазақ тілі қыпшақ тілдері тобына жатады дейтін түрақталған
көЗкдрасты қостай отырып, оның тек қана қыпшақ тайпалар одағы тіліне
үласа бермейтін кейбір субстраттық қүбылыстары бар екеңцігін атап айту
керек. Соңғы уақыттағы зерттеулер ондай қүбылыстар Орхон-Енисей
заманьшан, қалса Махмуд Қашқари заманынан тарихта белгілі оғыз тектес
халықтар тілдеріне барып жалғасатын-дыгын дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |