Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет21/46
Дата25.04.2022
өлшемі336,43 Kb.
#32204
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
-ч,   -дж:   ақша,  азаматша,   -қ,   -к:   жолақ,   сопақ,   буршақ,   -с:   қызылсы

(қызгылт),  т.б.  Осы   дара   қосымшалардың   сөз   қүрамында   өзара   бірігуінен

қазіргі   түркі   тілдеріндегі  -лақ//-лек,   -алақ//-елек,   -ымдық//-імдік,   -ымтыл//



-імтіл,   -ігылтым//-ігілтім,  т.б.   күрделі   қосымшалар   қалыптасты   деп

есептейді.

1

  Егер   осылай   деп   қарасақ,   қазақ   тіліндегі   ішімдік,  саргалдақ,



саргылтым,  т.б. сөздер қүрамындагы қосымшаларды морфологиялық  ығысу

процесінің   нәтижесінде   дара   қосымшалардың   күрделенуінен   қалыптасты

деуіміз   керек.   Б.   А.   Серебренников   түркі   тілдері   фактілерін   фин-угор

тілдерімен   салыстыру   арқылы   септік   жалғау   қосымшаларының   біразы-ақ

ежелгі   қосымшалардың   өзара   бірігіп,   күрделенуінен   қалыптасты   деп

қарайды.


2

Қосымшалардың генезисі жайлы осы пікірлерді қорытыңдьшасақ, түркі

тілдеріндегі   қосымшалар   жеке,   дербес   сөздердің   синтаксистік

конструкциялар қүрамында әр түрлі озгерістерге түсу арқылы қалыптасқанын

мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа

шығаруға болмайды. Қосымшалардың едәуір бөлігінің соңғы тәсіл арқылы

қалыптасқаңдығына   олардың   кейбір   топтарының   тарихи   жағынан

синкретикалық қолданысы да дөлел бола алады. Кейбір қосымшалардың есім

түбір  қүрамында  да,  етістік  түбір  қүрамында  да  аморфтық  күйге  айналуы

осыдан.


Н. К. Дмитриев түбірдің контекст  қүрамының ерекшелігіне қарай не

етістік,   не   есім   ретінде   үғынылуын   етістіктердің   грамматикалық   класс

ретінде дамуының бірінші сатысы деп көрсетеді. Ол есім түбірлер мен етістік



түбірлердің   грамматикалық   жағынан   айқын  жіктелісі   аффикстерді   қолдану

арқылы   (екінші   саты)   қалыптасты   деп   қарайды.

4

  Осыған   үқсас   пікірді   В.



Котвич те айтады.

Семантикалық   жағынан   не   заттық   мәнді,   не   тек   қана   қимыл   мәнін

берген   түбірлердің   болуымен   бірге,   мағыналық   жағынан   жіктелмеген

түбірлердің,  қосымшалар   арқылы  жасалған  негіздердің  болғаңдығы   қазіргі

тіл фактілерімен де дәлелденуі мүмкін.

Түбірлердің   синкретизмі.   Тілдің   морфологиялық   қүрылысының   даму

ерекшелігі   туралы   айтқанда   бір   ескеретін   жай   -   түбірлердің   синкретизмі

мәселесі. Бір кезде П. М. Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты

бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының

себебі сірө түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді.

Кейінгі   уақытта   да   түркі   тілдеріндегі   есім,   етістік   түбірлердің   омонимдігі

проблемалық мәселе ретінде жиі сез болып жүр. Түбірлердің бүл ерекшелігі

кебіне   контекст   қүрамында   айқыңдалады.   Етістік   түбірдің   есім   мағынасы

түрақты тіркестер қүрамында үшырасады. Мүның езі де түбірлердің есім, не

етістік   мәнінде   жасалуы   синтаксистік   тәсіл   арқылы   (контекст  қүрамында)

ажыратылатынына дәлел.

Э.   В.   Севортян   келтірген   материалдарға   негізінде   қазақ   тіліндегі

мынадай үқсас түбірлерді корсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз

(байқамсыз)   сын   есімі,   сол   түбірден  аңда  (кейде   андау),  аңса  етістіктері

жасалған.  Бүлармен  түбірлес  аңсар  сөзі  аңсарым   ауды  түрақты  тіркесіңде

ғана сақталған. Аңды туыңды етістігі - актив сәз. Сол сияқты, аш — етістік,

ашық — сын есім (өрекеттің нәтижесі), ашық - сын есім (түсті білдіреді), аш -

сын   есім.  Қат  -   етістік,  қат   -  зат   есім   (қат-қат   жинау,   қат-қат   зат),   осы

түбірден:  қатай,   қатыр,   қатқыл,   қатаң,   қатқақ  -   өрі   етістік,   әрі   есім

жасалған.   Қат



-  етістік  (тамаққа май қат), осы  түбірден:  қатық  - зат  есім

(тамақтың қатығы жоқ). Тат — етістік (тамақтың дәмін тат), тат (тот) - зат

есім   (тат,   тот   басты),   осы   түбірден:  тотық  -   етістіктің   ашық   рай   түрі   -

тотықты,  тотық -  зат есім,  татымды  - сын есім,  татып кетті —  етістік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет