Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі"
жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасының үлгісі (бұдан әрі - бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және
оқытудың мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны және оқыту әдістері мен оқу нәтижелерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама жалпы білім беру циклінің міндетті пәндерінің бірі болып саналатын "Шетел тілі"
пәнін оқытуды қамтамасыз етуге арналған.
3. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарлама бойынша
оқу 300 академиялық сағатты (10 академиялық кредитті) құрайды.
2-