басқару, бақылау, кеңес беруді дене шынықтыру және спорт кафедраларының профессорлық-оқытушылық
құрамы жүзеге асырады.
12. Білімгерлердің құзыреттерін бағалау (түлектің заманауи әлеуметтік-тұлғалық және әлуметтік-
кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мақсатында) мына критерийлер бойынша жүзеге асырылады: жаңартылған
бағдарламаны түсінуді көрсету, терминологияны игеру, алған білімдерді қолдану; өзіндік практикалық
сабақтарды жүргізуді, талқылау түрлерін практикаға енгізу.
Студентті аттестациялық нормативтерді орындауға жіберудің міндетті шарттары келесідей:
-
семестр және оқу курстары бойынша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын орындау;
-
ағзаның дене және функционалдық жағдайының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін оқу пәндеріне
тұрақты түрде қатысу;
-
дене даярлығына арналған тестілеуден өту;
-
кәсіби-дене дайындығының біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Ұзақ мерзімге сабақтан босатылған студенттер және емдік дене шынықтыру тобының студенттері
келесі нормативтік талаптар негізінде дене тәрбиесі және спорт кафедрасында аттестаттаудан өтеді:
-
"дене шынықтыру" пәнінің міндетті дәрістері бойынша теориялық білім деңгейін бағалау;
-
студенттің денсаулық жағдайын, дене жаттығуларын қолдануға қарсы көрсетілімдер мен айғақтарды
ескере отырып, дене шынықтыру бойынша қосымша тақырыпты өз бетінше меңгеруін бағалау;
-
сауықтыру және бейімделу дене тәрбиесі мәселелері бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу
жұмыстарына студенттердің қатысуы.
13. Пәннің теориялық және практикалық (әдістемелік) бөлімдеріне кіретін тақырыптық жоспарлар осы
бағдарламаға қосымшада келтірілген.
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін "Дене
шынықтыру" жалпы білім беру
пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: