Төзімділік. Сауықтыру жүгірісі және шаңғы жаттығулары (солтүстік аймақтардағы университеттер
үшін). Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру техникасын меңгеру. Кросстық дайындық .
Икемділік. Белсенді және пассивті қарсылықпен, кең бұрылыспен, объектілері бар және оларсыз
жалпы даму жаттығулары.
Ептілік, қозғалыстар үйлесі және тепе-теңдік. Объектілермен және оларсыз гимнастикалық және
акробатикалық жаттығулар. Қозғалмалы және спорттық ойындар. Кешенді эстафета (секіру, жүгіру, лақтыру
элементтерімен). Жаяу жүрудегі жалпы даму жаттығулары.
Күш. Объектілері бар және оларсыз жалпы даму жаттығулары. Гимнастикалық және қосалқы
жабдықтарда жаттығулар. Тығыздау және сүйреу
жаттығулары, салмақ тасу. Айналмалы тренировкалар әдісі
бойынша жаттығуларды орындау.
Арнайы дене даярлығы. Арнайы дене қасиеттерін дамытуға арналған құралдарды таңдау үшін
практикалық сабақтар өткізу формалары ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етілуі бойынша,
құралдар мен әдістер жиынтығы бойынша, аумаққа байланысты өткізу орны бойынша әртүрлі болуы мүмкін;
Жылдамдық пен төзімділікті дамытуға арналған арнайы жаттығулар:
-
спринтердің арнайы жаттығулары, старттық серпілістер, үдеу, жүгіру;
-
бақылаулық старттар: 100м, 500м, 1000м;
-
жылдамдыққа түрлі жаттығуларды орындау (гимнастика, қозғалмалы және спорттық ойындар
элементтерін);
-
орташа деңгейлі спортшыларға және стайерлерге арналған жалпы және арнайы жаттығулар
кешендері;
-
шаңғымен жүріс техникасын меңгеру;
- 10-
15 минут және 18-25 минутқа дейінгі әр түрлі жүктемелерді бірқалыпты қарқынмен орындау;
-
жеңіл атлетика және шаңғы жарыстарына қатысу.
Икемділікке арналған арнайы жаттығулар:
-
мөлшерленген және максималды сыртқы ауыртпалықтар түсіре отырып және оларсыз серіппелі және
сермелі қозғалыстар;
-
қайталанатын серіппелі қозғалыстар;
-
созылудың қаупі бар снарядсыз және гимнастикалық снарядтарды пайдалана отырып, статикалық
жағдайлардың жаттығулары.
Ептілікті, үйлестіруді және тепе-теңдікті дамыту үшін арнайы жаттығулар:
-
қозғалмалы және спорттық ойындар. Еліктеушілік және алаңдатушылық амалдар;
-
кешенді эстафеталар (секіру, жүгіру, лақтыру, домалау элементтерімен);
-
доңғалақты конькилер, велосипед тебу, шаңғымен сырғанау кезіндегі тепе-теңдікті жетілдіру.
Күшті дамытуға арналған арнайы жаттығулар:
-
Ауыр атлетика элементтері. Ауыр атлеттің жалпы дамытуға арналған және арнайы жаттығулары.
Күштік қозғалыстардың техникасын меңгеру – серпу, жұлқу.
-
Гір спорты элементтері. Жалпы дамытуға арналған және арнайы жаттығулар. Гір жұлқу және
көтерудің техникасын және күштік-сауықтыру және жаттығу бағытындағы жаттығулар кешенін меңгеру;
-
Атлетикалық гимнастика элементтері. Жалпы дамытуға арналған және өз салмағын еңсеру арқылы
құралдармен (эспандерлер, амортизаторлар, гантельдер) жасалатын арнайы жаттығулар кешені. Тренажерларда
жасалатын түрлі бұлшықет топтарына арналған жаттығуларды орындау.
Спорт түрлері (гимнастика, атлетикалық гимнастика, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, шаңғы
спорты, жүзу).
Гимнастика. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар, жүгіру, секіру, эмоциялық-ырғақты музыка
әуенімен орындалатын би элементтері. Би жаттығулары формалары. Сынақтық және жарыстық би-ырғақты
бағдарламаларды орындау.
Атлетикалық гимнастика. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар: гантельдермен; гирлермен;
эспандермен; металл таяқшамен; тренажерларда; штангамен. Дене бітімінің түрлі ақауларын жоюға, сондай-ақ
бұлшықеттерді қатайтуға және жұмысқа қабілеттікті арттыруға арналған жаттығулар.
Спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары
Баскетбол. Жарыс ережелері. Қорғанышқа тік тұру, айналу, секіру, қозғалу, алып жүру, беруді қағып
алу, лақтыру. Техникалық және тактикалық қимылдар негіздеріне үйрету. Командалық ойын.