Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


   Ғылыми зерттеудің әдіснамасы  жөнінде жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
2.   Ғылыми зерттеудің әдіснамасы  жөнінде жалпы түсінік  
        Ғылым тек қана жаңа фактілермен толықтырылып отырган жағдайда 
ғана  дамуы  мҥмкін.  Ал  оларды  жинақтауға  және  пайымдауға  ғылыми 
тҥрде  негізделген  зерттеу  әдістемеліктері  қажет.  Зерттеу  әдістемеліктері 
ғылымда  әдіснамалық  атауын  алған  теориялық  принциптердің 
жиынтығына тәуелді.  
«Әдіснама»  термині  гректің    «metlodos»  -жол  ,  әдіс,  және  «logos»  - 
тҥсінік, идея деген сӛздерінен шыққан. 
―Әдіснама‖ ҧғымының бірнеше жалпылама анықтамалары бар:  
1) бҧл ғылыми танымның немесе зерттеуледің принциптері, тҥрлері, 
әдістері жӛніндегі ілім; 
2)  бҧл  ғылыми  зерттеулер  мен  танымдардың  әдістері  жӛніндегі 
ғылым, яғни ғылым жӛніндегі ғылым; 
3)  зерттеулер  дамуының  жалпы  бағытын  олардың  мақсатын, 
шекарасын, принциптерін, негізін салушы ғылыми тәсілін, ҧғымдар мәнін 
орналастыруды анықтайтын ғылым; 


8
 
 
4)  ғылыми  зерттеулердің  жалпы  және  дербес  әдістерін,  сондай-ақ 
шындық нысандарының әр қилы тҥрлеріне және ғылым мәселелерінің әр 
тҥрлі кластарына зиян кӛзқарас принциптерін зерттейтін ғылым саласы. 
Әдіснаманың алғашқы негізін салушы Ф. Бэкон болды; ол ғылымды 
арнайы тәсілдер жҥйесімен қаруландыру қажет деген болатын (―шынайы 
білімге әрқашан шынайы тәсіл алып келеді‖). 
Әдіснаманың  дамуына  Р.Декарт  елеулі  ҥлес  қосты.  Ол  қандай 
интеллектуалды  жағдайларда  және  қандай  талқылау  тәсілдерінің 
кӛмегімен шынайы  білімнің қалай  алынатындығы  жайында  толғанды.  И. 
Кант  білім  мазмҧны  (―не  бар‖)  мен  оның  жҥйелі  тҥрде  ҧйымдасуына 
септігін тигізетін  нысан арасындағы белгіні анықтады.  
Қазіргі  кезде  ғылымда  әдіснама  ретінде  ең  алдымен  ғылыми-
танымдық  іс-әрекеттердің  қҧрылу  принциптері,  тҥрлері  мен  әдістері 
жӛніндегі ілім танылады. Әдіснама тек қана таным процесімен ғана емес, 
сонымен  қатар,  кейбір  ғалымдардың  (З.И.  Ревнин  ,  Н.Д.Н.)  ойынша 
шынайылықты  қайта  қҧрумен  де  байланысты.  Мҧндай  ҥрдіс  К.Маркстан 
басталған  болатын.  Оның  ―Фейербах  жайындағы  тезистеріндегі‖ 
философтар  әлемге  тән  әр  тҥрлі  жағдайда  тҥсініктеме  берді,  бірақ  істің 
мәні оны ӛзгертуде деген қағидасын еске алсақ жеткілікті. 
1988  жылы  шыққан  философиялық  энциклопедиялық  сӛздікте 
әдіснаманың әрекеттік анықтамасы осы кӛзқарас тарапынан беріледі. Бҧл  
анықтама  әдіснаманы  теориялық  және  практикалық  іс-әрекеттерді 
ҧйымдастыру  мен  кҧрудың  принциптері  мен  тәсілдерінің  жҥйесі  ретінде 
баяндайды. 
Ғылым  әдіснамасы  зерттеу  қҧрамдас  бӛліктерінің  оның  нысанының 
талдау  нысанасының,  зерттеу  міндеттерінің,  оларды  шешуге  қажетті 
қҧралдар  жиынтығының    сипаттамасын  береді,  сондай-ақ  зерттеу 
міндеттерін орындау процесіндегі қозғалыстардың сабақтастығы жайында 
ҧсыныстарды қалыптастырады.  
Ғылыми-танымдық  әдіснаманың  қазіргі  кездегі  жағдайының  жалпы 
сипаттамасына  қатысты  бірқатар  сҧрақтарды  қарастырайық,  ӛйткені 
мындай сипаттама педагогикалық зерттеулер саласындағы бағдарламалау 
ҥшін қажетті. Бҧл сҧрақтардың алғашқысы - қазіргі заманғы әдіснаманың 
нормативтік сипаты жайында.  
Ғылыми  танымның  тәсілдері  жӛніндегі  ілім  ретінде  әдіснаманың  2 
тҥрі  бар.  Кез-келген  әдіснама  реттеуші,  нормативтік  қызмет  атқарады. 
Әдіснаманың негізгі мәні де сонда. Бірақ әдіснамалық білім дискриптивті 
(сипаттамалық)  тҥрде  немесе  прескрпитивті  (нормативтік)  тҥрде  бола 
алады,  яғни  нҧсқама,  іс-әрекетке  тікелей  нҧскау  тҥрінде  болады. 
Сипаттама  жайына  келетін  болсақ,  бҧл  ғылыми-танымдық  сипаттама 
екенін  ескертеміз  -  қҧбылыс белгілі саласы жайындағы  білім жиынтығы, 
бҧған  теориялық  тҥсініктемелерді  қоса  отырып,  тек  қана  белгілі  бір 


9
 
 
тәжірибе жайында ғана емес, сонымен бірге зерттелуші процестердің ішкі 
мазмҧны  жӛнінде.
 
Дескриптивті  әдіснамалық  білім  (ғылыми  білімнің 
қҧрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайында), әрине зерттеулер 
процесінде бағдарлаушы ретінде қызмет атқара алады, бірақ преспритивті, 
нормативті  білім  іс-әрекеті  реттеуге  тікелей  бағытталған.Нормативті 
әдіснамалық    талдауда  ғылым  жолындағы  оң  ҧыныстар  мен  ережелерді 
әзірлеуге  байланысты  конструктивті  міндеттер  басым.  Ал  дескриптивті 
талдау  болса  атқарылған  ғылымдық  тану  процестерін  ретроспективті 
сипаттаумен ерекшеленеді. 
Ӛткен  ғасырда  зерттеуші  тек  ӛзі  қол  жеткізген  нәтижелерге  ғана 
негіздеме  жасайтын.  Зерттеушіден  бҧл  нәтиженің  белгілі  бір  білім 
саласында  қабылдаған  ережелерге  сай  алынғанын  және  ол  неғҧрлым кең 
білім  жҥйесіне  қарайтынын  кӛрсету  талап  етілді.  Қазіргі  таңда  ғылым 
зеттеулер негізінде  оларда іске асырғанға  дейін  дәйектеме берілуі  қажет. 
Бастапқы жағдайды, зерттеу логикасын, болжамды нәтижесін және осыған 
қол жеткізетін тәсілді анықтау қажет. 
Осылайша,  әдіснама-  теориялық  және  практикалық  қызметті 
ҧйымдастыру  мен  қҧрудың  ҧстанымдары  және  тәсілдерінің  жиынтығы. 
Ғылымның  әдіснамалық  негізі  –  табиғат  пен  қоғам  қҧбылыстарын 
зерттеуге  негіз  болған,  әрі  сол  қҧбылыстардың  теориялық тҥсіндірмесіне 
шешімді ықпал етуші философиялық идеялардың жиынтығы. Бҧл идеялар 
белгілі бір қҧбылыстың теориясын қҧруға мҥмкіндік береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет