10
Зығыр иіру өндірісінде шикізат қасиеттеріне және иірімжіптің
белгілеуіне байланысты, оны иірудің әртүрлі жүйесі бойынша өндіріледі:
ұзын зығырды иіру жүйесі, тарамды, тарамды-тарақты және аппаратты.
Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы
бірдей болып келеді. Иіру өндірісі үш негізгі кезеңнен тұрады:
- иіруге текстиль талшықтарын дайындау – таспаны дайындау;
- алдын-ала иіру – созбаны дайындау;
- иіру – иірімжіпті дайындау.
Матаның немесе трикотаж жаймаларының басты элементіне жіп
жатады. Құрылымы бойынша текстиль жіптерін иірімжіпке, комплексті
жіптерге және моножіптерге бөледі. Бұл жіптерді бастапқы деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: