Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Ластик және қосластик өрімі



Pdf көрінісі
бет82/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

28-сурет. Ластик және қосластик өрімі 
 
Ілмекті  қатар  ілмектері  созылмалармен  байланысқан.  Ластик  ішкі 
жағынан  да  сыртқы  жағынан  да  түрі  бірдей  болады.  Сондықтан  ластик 
өрімін  қосбетті  деп  атайды.  Ілмекті  бағаналардың  (бір  ішкі  және  бір 
сыртқы)  бірізділігінен  тұратын  ластикті  1+1  ластигі  деп  атайды.  Егер 
раппорт шектеуінде ішкі және сыртқы бағаналарының саны мүлдем басқа 
болса, онда 2+2, 2+1 типтес ластиктер тоқылады. 
Ластик  1+1  тоқудың  кері  бағытында  ғана  тарқатылады.  Ал  басқа 
раппортты өрімдер (2+2, 3+2, 5+2 және т.б.) кез-келген бағытта тарқатыла 
береді. Бұл мұндай жағдайда ластиктің тоқу бағытында да, тоқудың кері 
бағытында  тарқатылатын  жатық  өрімінің  жеке  бөлімшесінің  жиынтығы 
түрінде болатындығымен түсіндіріледі. 
Раппортында ішкі және сыртқы ілмектер саны тең болған жағдайда, 
ластик  өрімі  ұзындығы  жағынан  да,  ені  жағынан  да  ширатылмайды. 
Өйткені  ілмек қабаттары бірін-бірі теңестіріп тұрады. 
Ластик  негізінде  ең  көп  таратылған  өрімнің  бірі  –  қосластик  өрімі 
тоқылады. Кейде бұл өрімді интерлокты өрім деп те атайды. Қосластик екі 
ластиктің  жиынтығы  болып  табылады,  яғни  бір  ластиктің  ілмекті 
бағаналарының  арасында  екінші  ластиктің  ілмекті  бағаналары 
орналасады. Туынды өрімдерде, сонымен қатар қосластикте формасымен 
ажыратылатын  элементтер  болады  –  ілмектер  және  созылмалар. 
Қосластик  өрімінің  әр  қатары,  екі  әртүрлі  жіптерден  тұратын  екі  жүйе 
арқылы  тоқылады.  Бірінші  жүйеде,  мысалы  бір  ине  тұғырының  тақ 
инелері және екінші ине тұғырының жұп инелері жұмыс істейді, ал екінші 
жүйеде  қатардың  екінші  жібінен  қалған  инелер  тоқиды.  Осының 
нәтиже
сінде  бір  ластиктің  сыртқы  ілмекті  бағаналары  келесі  ластиктің 
ішкі  ілмекті  бағаналарына  қарама-қарсы  орналасады.  Қосластик  өрімді 
трикотаж қосбетті болып табылады. 


91 
 
Ілмектегі 
жіптің 
үзілуі 
кезіндегі 
құбылыс, 
ластиктің 
тарқатылғыштығына  ұқсас  болып  келеді.  Қосластик  өрімінің  өзінің 
құрылымымен байланысты бірнеше ерекшеліктері болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет