Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


Тапсырма. «Біздің өлке» деп аталатын кестені толтыр



Pdf көрінісі
бет20/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Тапсырма«Біздің өлке» деп аталатын кестені толтыр.

Өлкедегі белгілі 
адамдар
Өлкенің  
шаруашылығы 
Өлкедегі тарихи 
ескерткіштер
Мәлік Ғабдуллин


21
мен қолма-қол соғыстым. Көптеген фашисті 
атып өлтірдім. Жаудың он шақты танкісін гра-
натамен қираттым. Бұл мақтануым емес, шын-
дығым. Ал енді осыларды істеген кім деп сұ-
ралық. Оны істеген Ғабдуллин деген қазақ ба-
ласы, қазақ деген ұлттың ұлы дейді жұрт. Олай 
болса ондай ұл өзінің ұлтын мақтан етіп, «қа-
зақпын» деп атауға құқығы бар ма? Әри не, бар. 
Батыр атағына ие болған мен емеспін, ол – 
қазақ халқына берілген марапат», – деуінде 
қан шалықты ғибратты қарапайымдылық жа-
тыр десеңізші. Оның ерлігі жайлы 1944 жы-
лы жазушы Борис Полевой «Правда» газетінде 
жариялаған «Эпостың тууы» атты очеркінде 
баяндады. М. Ғабдуллиннің ерлік даңқына 
 
көп 
теген ақындар өлең-жырларын арнады. 
Жам был Жабаев: «Батырым – Мәлік беренім
жүйрігім, озған өренім. Халқы сүйген қала-
уым, жырымды саған төгемін» – деп, батырды 
өлең-жырына қосты. Соғыстан кейін М. Ғаб-
дуллин ғылыми жұмыстарын жалғастырып, 
ҚР ҰҒА Тіл және әдебиет институтының дирек-
торы, ҚазПИ (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) 
ректоры, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқа-
рады. 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» 
оқу лығын, жоғары оқу орындарының студент-
теріне арналған «Қазақ халқының ауыз әде-
Өзің тұратын өлке 
адам дары тегіс мақтаныш 
ететін, құрмет тұтатын 
қан дай батыр, әйгілі адам-
ды білесің?


22
бие 
ті» атты оқулығын жазды. 1942 жылы 
 
М. Ғаб 
дуллиннің әдебиетші Т. Сыздықовпен 
бір лесіп жазған «Қазақ халқының батырлық 
жы ры» және басқа еңбектері жарық көрді. М. Ғаб-
дуллин көптеген медаль-ордендермен ма 
ра-
патталған. М. Ғабдуллиннің өмірі батыр лық-
тың, парасаттылықтың үлгісі.
Төртінші бөлме – Тәуелсіз Қазақстанға арна-
лыпты. Бұл жерге бүгінгі өлке, оның адамдары, 
олардың өмірі туралы материалдар қойылыпты. 
Өлкедегі кәсіпорындармен танысып, олардың 
шығаратын өнімдерін көруге болады. Сондай-ақ 
архитектуралық кешендер мен тарихи орындар, 
сирек кездесетін зергерлік бұйымдар жайлы 
бейнефильмдерді тамашалауға мүмкіндік бар.
Өлкетану музейіне келген адам өлке 
сі-
нің өткені мен бүгінгі хал-ахуалынан толы-
ғымен хабардар болып, тарихына деген үлкен 
ризашылық сезіммен қайтады.
Туған жер жайлы жинақтаған мәліметтер 
біздің өлке туралы білімімізді кеңейтуге мүм-
кіндік береді. Өлкетанудың аса маңызды мін де-
ті – өзіміз тұратын өңірдің табиғаты мен мәдени 
ескерткіштерін қорғау, оларға қамқорлық жасау 
болып табылады.
1.  Өлкетану дегеніміз не?
а) Өлке, оның халқы, ша-
руашылығы мен мә-
дениеті, тарихы ту-
ралы білім
ә) Адамзаттың  өткен 
та 
рихы мен тіршілі-
гін заттай деректер 
ар қылы 
зерттейтін  
ғы лым
б) Халықтың шығу те-
гін, таралуын баян-
дайтын тарихи шы-
ғарма
в) Ежелгі 
адамдардан 
қал 
ған заттар мен 
су реттер  тура лы  мә-
ліметтер  жиын тығы.
 
Сенің туған өлкеңде қандай тарихи және мәдени 
ескерткіш тер бар? Оларды сақтау не үшін 
қажет деп ойлайсың?
 
«Біздің өлкенің белгілі адамдары – халқы мыз дың 
мақтанышы», «Өлкедегі тарихи  
ес керт кіштер  құпия сы»  деген  тақы рып тың 
біріне әңгіме жазып кел.
 
«Біздің өлке» деп аталатын суретті альбом 
жасауға материал да йында.
 
Өлкетану музейіне қандай заттар қойылады?
 
М. Ғабдуллин туралы не білесің?
 
М. Ғабдуллиннің өзі, өзінің ұлты туралы 
айтқан сөзін қайталап, түсініп оқы.


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет