§64. Қазақстан және дүниежүзі
1. Қазақстан дүниежүзі картасында. Дү-
ниежүзі картасында кең-бай тақ жері бар, жер
көлемі жа
ғы
нан тоғызыншы орын алатын
жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Бұл – Еу-
разия деп аталатын құр лықтың нақ ортасын-
да орналасқан Қазақстан Республикасы. Қа-
зақстан Еуропа мен Азия құрлықтарын байла-
ныстыратын те міржол, автомобиль, әуе жолы
жүйелерінде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан жері қазба байлықтарға бай. Мә-
селен, әлемдегі 170-тен астам мемлекеттердің
арасында еліміз вольфрамнан 1-орын, хромиттен
2-орын, ураннан 3-орын, қорғасыннан 4-орын,
мұнайдан 12-орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |