Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет215/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   244
Байланысты:
5 synyp

Еуропадағы қауіпсіздік пен 
ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше 
 
56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері ке-
ңесінің жалпы отырысында Қазақстан Респуб-
ликасы осы ұйымның 2010 жылғы төрағасы 
болып сайланды. ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет 
Қазақстан әлемдік аренадағы ең биік тұғырға 
көтерілді. 
Қазақстан Еуропа елдерімен бір-бірінің еге-
мендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу, 
бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне 
араласпау, күш қолданбау, теңдік және өзара 
тиімділік негіздегі саяси шарттар жасасты.
Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық 
ұйым – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын 
(ШЫҰ) құру шылардың бірі және онда белсенді 
қызмет атқарушы ел болып саналады. Бұл 
ұйым ның мүшелері: Қазақстан, Қытай, Ресей, 
Тәжікстан, Қырғызстан.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достас 
ты-
ғына кіретін (ТМД) және басқа да көрші және 
алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатия-
лық, достық, ынтымақтастық және өзара көмек 
қа тынастарын  орнатты.
Республиканың сыртқы мәдени байланы-
сы едәуір нығайды. Абай, Жамбыл, Мұхтар 
Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың мерейтойла-
ры ЮНЕСКО көлемінде дүниежүзінде аталып 
өтті. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген 
халықаралық конференциялар мен жиындар 
өткізді. Мәселен, 2003, 2006 және 2009 жыл-
дары Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі 
діндер басшыларының I, II және ІІІ съездері 
өткізілді. 
 
Қазақстанның 
тәуелсіздігін қанша 
мемлекет таныды?
 
Қазақстан басқа мем-
лекеттермен қандай 
байланыс орнатты? 
Бұл байланыстардың 
біздің мемлекетімізге 
қандай пайдасы бар? 
 
Қазақстан Біріккен 
Ұлттар Ұйымына 
қашан мүше болды?
 
Қазақстан 
басқа елдермен 
ынтымақтастықты 
неге жақтап 
отыр? Ғарыштағы 
ынтымақтастық ту-
ралы мысал келтір.


201
Екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы а зат-
тық пен бос тан дық үшін күрес жүргізіп кел-
ген қазақ халқы 1991 жылғы 16 желтоқсанда 
тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымыздың 
 
ға 
сырлар бойғы тарихи арма 
ны жүзеге асты. 
Балалар, біз тәуел 
сіздігімізді құрметтеуі 
міз, 
қор ға уымыз  керек.  Тәуелсіз дік тің  қадірін  жете 
түсінейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет