202
1937–1938 жылдары Алаш қозғалысының
қайраткерлері, кеңес өкіметін орнатуға атса-
лыс
қандар, қазақ әдебиеті мен ғылымының
бел гілі
өкілдері, т.б. жазықсыз қуғын-сүргінге
ұшырады.
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы бол-
ды. Қазақстандықтар майданда, тылда, парти-
зандар құрамасы сапында ерлікпен шайқасты.
497 қазақстандық Кеңес Одағының Баты-
ры атанды. Оның 98-і қазақ.
Қазақ қыздары
М. Мәметова мен Ә. Молдағұлова Кеңес Ода-
ғының Батыры атанды.
Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа
бейімдеу мақсатында ғалымдар мен мәдениет
саласының қызметкерлері де аянбай еңбек етті.
Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарын
зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді. Оған 1942 жылы
Мемлекеттік сыйлық берілді.
1954 жылы тың жерлерді игеру басталды.
1957 жылдың
мамыр айында Байқоңыр ға-
рыш айлағы пайдалануға берілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес-
публикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі тура-
лы»
Қазақстан Республикасының Заңы жария-
ланды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы БҰҰ мүшелігіне өтті.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Респуб-
ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға
енгізілді.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Респуб-
ли
касының алғашқы Конституциясы қабыл-
данды.
1995 жылғы 30
тамызда жетілдірілген, то-
лық тырылған жаңа Конституция қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының
Мем лекеттік рәміздері: Туы, Гербі және Гимні
қабылданды. 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік Гимнінің жаңа ре-
дакциясы бекітілді.