204
§66. туған өлке тарихы
1. Біздің өлке қазіргі Қазақстан картасын-
да. Қым батты балалар!
«Өлкетану» тақырыбын
оқығанда өлке дегеніміз не деген сұраққа жа уап
таптың. Ал енді өзің туып-өс кен өлке туралы не
білесің?
Біздің әрбіріміздің туып-өскен өз мекеніміз
бар. Өзіміз дүниеге
келген ауыл, кент не қала
әрқайсысымыз үшін қасиетті мекен саналады. Ба-
лалар, біреуің ауылдық жерде, екіншілерің
әсем
қала Астанада, екі миллиондай тұрғыны
бар Алматыда не облыс, аудан орталықтарында
тұрасыңдар. Халқының саны 10 мыңға жуық
қала
тектес кент, немесе халқы 10 – 100 мың
ара лы ғындағы шағын және орташа қалаларда
өмір сүретін құрдастарыңның бар екенін де
білесің. Жазғы демалыста ауылда тұра тындар
қалаға, қалада тұратындар ауылдағы туған-
туысқандарыңа қыдырып барасыңдар. Ауыл-
да атаң мен әжең, жақын туыс-достарың бар.
Қалада
аға-жеңгең, әпкелерің тұрады.
Ауылдағы адамдар бір-бірімен жиі араласа-
ды. Бір отбасында қуаныш, той болса, көршілері
қонақ атқарысуға көмек береді, қайғысын бірге
бөліседі.
Ауылға барғанда мал жайылымын, үй жан-
уар лары
мен егістік алқаптарын, алма бағын
тамашалайсың. Балалармен бірге айдын көлге
шомылып, балық аулайсың.
Біздің өлкенің байлығы – оның адамда-
ры. Әр азамат өзінің
сол қалада немесе ауыл-
да дүниеге келгенін мақтаныш тұтады, қайда
жүрсе де туған жерін ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: