Ермұқан Бекмаханов (1915–1966) – көрнекті
ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ
КСР ҒА корреспондент-мүшесі, қоғам қай
рат-
кері. Павлодар облысы Баянауыл ауданында
дүниеге келген. Ол – Абылай ханның ұрпағы.
1937 жылы ол Воронеж қаласындағы педа-
го гикалық институттың тарих факультетін өте
жақсы бағамен бітіреді. Елге оралып, Алма-
ты
дағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу инс-
титутында (қазіргі Ы.
Алтынсарин атындағы
Қазақ Білім академиясы) ғылыми қызметкер,
кейін директор қызметін атқарады. Ұлы Отан
соғысы жылдарында Халық Ағарту Комис са-
риатында басқарма бастығы болды, сонымен
бірге Алматыдағы жоғары оқу орындарында
дәріс берді.