Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет227/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§68. «Қазақстан тарихынан 
әңгімелер» курсын қайталау 
мен білемін...
Тарих – түрлі халықтар мен адамдардың 
тіршілігін, өткені мен бүгінгі өмірін және ке-
лешегі қандай болатынын зерттейтін ғылым.
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари-
хы»  деп аталады. «Қазақстан тарихынан әң-
гімелер» еліміздің тарихындағы сонау ерте за-
маннан бүгінгі күнге дейінгі болған аса маңыз-
ды оқиғаларды баяндайды. Ол дүниежүзі ха-
лықтары тарихының бір бөлігі.
Қазақстан әлемдегі 189 елдің ішінде жер 
көлемі жағынан тоғызыншы орын алады.
Отан – әр адамның туып-өскен жері. Адам 
Отанында  туған-туысқандарымен,  жол дас та-
рымен, жақындарымен тұрады. Біз дің Отаны-
мыз – Қазақстан Республикасы.
Қазақстанда 16 миллионнан астам адам тұ-
рады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа, 159 ау-
данға бөлінеді. Елімізде республикалық бағы-
ныстағы 2 қала (Астана, Алматы), облыстық 
дәрежедегі 84 қала,  200-ден аса қала типті кент 
бар.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен 
Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін сақ тайпа-
лары мекендеген.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта ғұн тайпалары қа-
лып 
тасып, б.з. 3-ғасырдың аяғына қарай 
қуатты мемлекетін құрды. Ғұндар – түркі тай-
па ларының арғы атасы.
552-жылы  түрік тайпалары бірігіп,  Түрік 
қа ғанатын құрды. Бумын қаған түрік мемлекеті-
нің негізін қалады.
Моңғолдар 1218–1224 жылдары Қазақстан 
мен Орта Азияны түгел бағындырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет