Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет25/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§7. Жыл санау
1. 
 
ертеде адамдар уақытты қалай есеп-
теген?  Жыл санау  – уақыт аралығын есептеу 
жүйесі. Қазақша жыл санаудың  өзіндік үлгісі 
болды. Қазақтар жылды 
мүшел бойынша 
санаған. Бір мүшел он екі жылдан тұрады. Әр 
жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян,  
ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз 
деп аталған. Жыл басы – 22 наурыз, күн мен 
түннің теңелген кезі. Он екі жыл бір айналғанда 
бір мүшел толады. Адам өмірі жаспен (1 жас) 
және мүшелмен (12 жыл) есептеледі. Бала 13 
жасқа толғанда бір мүшел болып саналады, ал 
кейінгілеріне 12 жылдан қосылады. Бір мүшел –  
13 жас, екі мүшел – 25 жас, үш мүшел – 37 жас, 
т.с.с. болып қосыла береді. Қариялар алпыста-
мын, сексендемін демей, «алты мүшелге  тол-
дым» немесе «жеті мүшелдемін» деп сөйлеген. 
Жыл басы тышқан жылынан басталып, соңы 
доңыз жылымен аяқталады.
бұлақ суын ғана ішесің. Ал мен жантақ жеп, неше күн су ішпей жүре беремін. Менің 
сүтім пайдалы, етім жеуге жарамды, терім де мықты. 
Осы кезде бәрін мүйізімен жайқап, ортаға қой шықты:
Мен болмасам, қазақ неден киіз басып, үйін немен жабар еді? Менің терімнен 
керемет жылы тон тігеді. «Қой еті қорғасын» дегенді естіп пе едіңдер? Сүтім мен 
ірімшігім және бар. Жыл басы болуға мен лайықпын!
Қойдың сөзін мойындағандай, барлығы үнсіз қалды. Осы кезде ортаға ит шықты.
– Қой босқа мақтана береді. Мен болмасам, қасқыр оны жеп қояр еді.
Олар түн ортасына дейін дауласты. Тек тышқан үнсіз тұрды. Барлығы шаршап, 
дауыстары қарлыққан кезде ғана тышқан сөз алды:
– Күннің алғашқы сәулесін кім көрсе, сол жыл басы болсын.
Бұл сөзді барлығы қостады. Әсіресе бойына сенген түйенің қуанышында шек 
жоқ.
– Сен байғұс та күнді бірінші көремін деп дәмеленіп тұрсың ба? – деп түйе тыш-
қанға мысқылдай қарады.
Таң алдында барлығы шығысқа қарап, көкжиектен көз алмай тұрды.
Кенет тышқан айқай салды: 
– Күн! Күн!
Сөйтсе, тышқан түйенің ұзын шудасына жабысып, білдірмей ғана өркешіне 
шығып алыпты. Түйе оны сілкіп түсіріп, жалпақ табанымен таптамақ болады. Бірақ 
қу тышқан жалтарып кетіп, күлге тығылып қалды.
Жыл басы тышқанға бұйырады. Ал түйе ашықауыз болғаны үшін жыл қатарына 
кіргізілмейді. Сондықтан да түйе жыл атауында жоқ, ал күл көрсе, жата қалып ау-
найтын әдеті содан қалған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет