4. Картадағы Қазақ жері туралы мәлімет- тер. Еуропа мен Азия
ны жалғастырған Ұлы
Жібек жолымен тек тауарлар ғана тасылып
қойған жоқ, халықтардың мәдени жетістіктері
де таралды. Керуен жолы арқылы елімізге
қытай, араб, парсы, рим көпестері мен саяхат-
шылары, ғалымдары келді. Олар өз еңбектерінде
ұлан-байтақ қазақ жері, халықтың тұрмыс-
тіршілігі туралы мәліметтер қалдырды. Грек
тарихшысы Геродот жасаған «Жер пішіні»кар-
тасында Қазақ жеріндегі Еділ, Жайық және
Жем өзендері мен Каспий теңізінің бедері бей-
неленген. Птолемейдің «География»еңбегінде
де қазақ жері, Жайық және Сырдария өзендері
тур
алы деректер кездеседі. Ол Арал теңізін
картаға түсірген.
XVII ғасырдың аяғында орыс ғалымы С. Ре-
мезовтұңғыш рет қазақ жерін картаға түсірді.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиха-
нов Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Шығыс Түр-
кістанның картасын жасады.
Түркі ғұламалары әл-
Фа ра би, Махмұд Қаш қа-
ри мен Қадырғали Жа ла-
йыри ең бектерін де қа зақ
же рінің
геог ра фия лық
жағ дайы ту ралы құн ды
деректер мо лынан кез де-
седі.
Әл-Идрисидің «Жер
бе
ті суреті» атты карта-
сы 1154 жылы салынған.
Он
да қазақ еліндегі қа-
лалар, қоныстар, мем-
лекеттер мен тайпалар,
өзен-сулар жайлы бағалы
мәліметтер келтірілген.
Мұнда қимақтың 16 қа-
ласы аталады.
Қазақ жеріне саяхат
жа саған
италиялықтар
Пла но Карпини мен Виль-
гельм Рубрук Каспий
теңізі жайлы тың дерек-
тер бер ген. Олар сондай-ақ
Ала көл, Балқаш көл дері,
Іле Алатауы мен Тар
ба-
ғатай таулары туралы
тұңғыш мәліметтер кел-
тірген.