§9. Қазақстан әлем картасында 1. Қазақстан жерінің аумағы. Егер
дүниежүзілік картаға қарасаң, Қазақстан Еу-
разия деп аталатын материктің кіндігінде орна-
ласқанын, көлемі жағынан жер шарындағы ең
ірі мемлекеттердің бірі екенін көресің. Әлемдегі
189 елдің ішінде Қазақстан жер аумағы жағы-
нан
тоғызыншы орында тұр. Ол солтүстігінде
Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде
Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен, баты-
сында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран
мемлекеттерімен шектеседі. Республикамыз-
Материк (континент) –
мұхиттар
мен және теңіз-
дермен қор
шал
ған ең ірі
құрлық бөлігі. Қазіргі
жер беті алты материк-
тен тұрады. Олар – Еура-
зия, Солтүстік Америка,
Оңтүстік Америка, Афри-
ка, Австралия және Ан-
тарктида.