3. Өсімдік дүниесі мен
жануарлары. Қазақ станның
өсімдік дүниесі де алуан
түрлі. Қалың шалғындар
мен ну ормандар да бар. Әсі-
ресе тау
лы аймақтар өсім-
дікке бай. Тянь-Шань, Ал-
тай, Жоңғар Алатауының
тау беткейлерінде шыр
ша,
май қарағай,
балқарағай,
са мыр сын ағаштары өседі.
41
Тау алдындағы жа-
зықтарда итмұрын,
долана,
бө рі жидек
бұ талары,
қызғал-
дақ кең тара
ған.
Ала са тау бет кей-
лері қа йың, то был-
ғы, алма, өрік ағаш-
тарына то лы.
Атырау, Мойын-
құм, Бетпақдала
си яқ ты шөлді ай-
мақ тар да
сексеуіл,
жиде, жың
ғыл то-
ғай лары өседі.
Далалы жерлерді тышқан, алақоржын,
қасқыр, түлкі, борсық, т.б. мекендейді. Дуа дақ,
тырна, торғайдың бірнеше түрлері тараған.
Таулы жерлерде бұлғын, тиін, елік, таутеке,
бұғы, ақ қоян сияқты жануарлар мен аққұтан,
қызылқұтан, құр, тоқылдақ сияқты құстар жиі
ұшырасады.
Орманды дала өңірін қоян, тышқан,
қасқыр, түлкі, елік, құстардан құр, шіл, ителгі,
тоқылдақ, қарға мекендейді.
Шөлді жерлерде тышқан, саршұнақ, кірпі,
тасбақа, жылан, кесірт
ке, ал құстардан дала
бүркіті, сауысқан және т.б. кездеседі.
Қазақстанның сирек және құрып кетуге
айналған өсімдіктері мен жануарлары, құстары
«Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп,
ерекше қорғауға алынған. Біздің жерімізде ерте-
де құлан, ақбөкен, қарақұйрық сияқты жануар-
лар көп болған. Қазіргі таңда осы жануарларды
көбейту, басқа жақтан әкелінген жануарларды
жерсіндіру ісі жүргізілуде. Өзендер мен көлдерге
балықтың жаңа түрі жіберіледі.
Алтай тауының бөктерінде терісі бағалы
қара күзен мен бұлғын, жанат, өзен жағасында
ондатра өсіруге көңіл аударылып отыр.
Қазақстанның
табиғат жағдайы ту-
ралы әңгімелеп бер.
Еліміз қандай қазба
байлықтарға бай?
Өлкедегі өсімдіктер
мен жануарлардың
қандай түрін білесің?
«Қазақстанның
табиғаты, өсімдіктер
мен жануарлар
дүниесі» туралы хабар-
лама дайында.
Өзің тұратын қалада,
өңірде қандай таулар
мен көлдер, өзендер
бар?
«Қызыл кітап»
дегеніміз не?
«Қазақстанның Қызыл
кітабына» қандай
аңдар, өсімдіктер мен
жануарлар енгізілген?
Сирек және құрып ке-
туге жақын өсімдіктер
мен жануарларды
қорғаудың қандай
жолдарын білесің?
Сабақта және сабақтан
тыс алған біліміңді
пайдалан.
|