Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет41/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2. Қазақстан – ортақ отанымызҚазақ-
станда түрлі ұлт өкілдері өзара тату, достық 
қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Халықтар 
арасындағы татулық пен достық қатынас 
республикамыздың өркендеуінің басты кепілі.
Балалар! Елімізде тыныштық, халықтар-
дың ауызбіршілігі мен жарасымды ынтымағын 
сақтау әрқайсымыздың жауапты міндетіміз. 
Қайда жүрсек те өзімізге ең қымбат нәрсе – Ота-
нымыздың бейбіт өмірі мен татулығын естен 
шығармауымыз керек.
Біздің Отанымызда бір ұлт өкілдерін 
кемсітуге немесе бір ұлтқа артықшылық жа-
сауға жол берілмейді. Саны аз ұлт өкілдеріне 
қолдау көрсетіліп, әдет-ғұрпы мен мәдениетіне 
құрметпен қарауға жағдай жасалған.  
Бүгінгі таңда елімізде 30-дай мәдени 
орта лықтар жұмыс істейді. Әр ұлт өкілдері 
өздерінің мәдени орталығында өз тілдерінде 
қарым-қатынас жасап, өз халқының дәстүрі мен 
мәдениетін дамытады. Мысалы, корейлердің 
ұлт 
тық-мәдени орталығында корей тілі үй-
ретіледі, корей тілінде кітаптар мен газеттер 
шы ғарады, корей халқының әндерін, билерін 
үйренуге болады. 
Қазақтар Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауған-
стан, Түркия, Иран сияқты мемлекеттерде ежел-
ден тұрады. Қазақстан Республикасы тәуел-
сіздік алғаннан бері олар өздерінің тарихи Ота-
нына көшіп келуде.
 
Қазақстанның  
халқы туралы 
әңгімелеп бер.
 
Біздің республикада 
қандай ұлт өкілдері 
тұрады?
 
Ұлттық мәдени 
орталық туралы  
не білесің?
 
«Қазақстан – менің 
Отаным» дегенде 
ойыңа не түсті, көзіңе 
не елестеді?  
Әңгімелеп бер.
Ассамблея 16 сессия өт- 
кізіп, қоғам өміріндегі ма - 
ңыз ды  мәселелерді  та л  қы -
лады. Қазір елі мізде 800-
ден аса этномә 
дени бір 
-
лестіктер бар, оның ішін де 
28-і республикалық. 15 тіл-
де газет-журнал, 8 тіл-
де радиобағдарламалар, 
 
7 тілде телебағдарлама-
лар шығады. 108 мектеп-
те 22 эт ностың тілі жеке 
пән ретінде оқытылады. 
Қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, 
корей және неміс театрла-
ры жұмыс істейді.


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет