Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет42/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   244
Байланысты:
5 synyp

§13. Қазақстанның қалалары
Қазақстан  Республикасы 14 облыс, 159 ау-
данға бөлінеді. Республикалық бағыныстағы 
екі қала – Астана мен Алматы және ол екеуінен 
басқа 84 үлкен қала бар. Біз төменде бірқатар 
қалаларға тоқталып өтеміз.
алматы қаласы – республикалық мәрте-
бедегі қала. Қаланың 2,5 мың жылдық тари-
хы бар. Қаланы ежелден сақ, үйсін, дулат және 
басқа тайпалар мекендеген. Археологиялық 
қазба жұмысы кезінде «Алмату» деген қала аты 
жазылған күміс ақшалар табылған.
1854 жылы қаланың ертедегі орнына Вер-
ный бекінісі салынды. 1921 жылы қаланың аты 
Алматы болып өзгертілді. 1929 жылы Алматы 
қаласы Қазақстанның астанасы болып жария-
ланды. 1997 жылы қазан айынан Қазақстанның 
астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
Алматы қаласы бүгінде ғылым мен мәдениет, 
білім, сондай-ақ аса маңызды өнеркәсіп пен 
қаржы орталығы саналады.  
Қаладағы Республика алаңы кешені, Пре-
зидент резиденциясы, Тәуелсіздік монументі, 
Ұлттық кітапхана, М. Әуезов атындағы драма 
Алматы қаласы
Абай атындағы Опера 
және балет театры


45
театры, Орталық музей, Медеу спорт кешені, 
«Қазақстан» қонақүйі, т.б. өзіндік ұлттық ма-
шықты бейнелейді. Қала қазір де күн санап өсіп
көркейіп келеді.
Алматыда қазір түрлі өндіріс орындары жұ-
мыс істеп, өз тауарларын жақын және алыс ше-
телдерге шығаруда. Алматы ауыр машина жасау 
зауыты, «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіп орын-
дары жұмыс істейді.
Алматыда Қазақстандағы тұңғыш метро-
ның бірінші кезегі 2011 жылы пайдалануға 
берілді. 
Қарағанды – Орталық Қазақстанның ірі 
өнеркәсіп орталығы, жер көлемі жағынан ең 
үлкен қалалардың бірі. 1833 жылы бұл жерден 
таскөмір табылып, кейінірек осы маңда қала 
бой көтереді.
Қарағандыда – Орталық Қазақстанды 
басқа облыс, елді мекендермен байланыстыра-
тын ірі көлік жолының торабы іске қосылды. 
Осы жолдармен Қарағандының көмірі жан-
жаққа тасылады. Ал қалаға машина, ағаш 
және халыққа қажетті азық-түлік, тауарлар 
әкелінеді.  
Қарағанды еліміздегі ірі мәдени және ғы-
лыми орталық. Қалада Қарағанды уни вер сите-
ті, политехникалық, медициналық, педагоги-
калық институттар бар. Драма театры, Өлкетану 
музейі, кітапханалар, жобалау институттары 
жұмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет