52
йыны қосып қорытып,
қола алуды игерді. Қо-
ла мыстан әлдеқайда қатты әрі берік болды.
Қоладан
еңбек құралдарын, қару-жарақ және
әшекей
бұйымдарын жасады, балта мен сүңгі
дайындалды. Қола дәуірінде дәулетті,
бай адам-
дар пайда болды. Қола дәуірінің адамдары мыс
балқыту,
қыш ыдыстар, жер өңдейтін құралдар
жасау,
мал шаруашылығымен, егін ші лікпен ай-
налысты.
Ғалымдардың анықтауынша, сонау қола дә-
уірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген
андрон
тайпаларында еуропалық нәсілдің белгілері
бол ған. Осы тайпалар қазақ халқының қа лып-
тасуына өзіндік әсерін тигізген.
Осы кезде рулардың тайпаға,
тайпалардың
одақтарға бірігуі басталды. Тайпаластар бейбіт
өмірде өз тіршілігімен айналысты. Соғыс болған
жағдайда туыстас
рулар мен тайпалар бірлесіп
қорғанды. Бірнеше тайпа – тайпа одағына бірі-
гіп, алғашқы мемлекетін құрды.
Тайпа одағы –
шыққан тегі, тілі ұқсас, мақ-
сат-мүдделері ортақ бірнеше тайпалардың бір-
лестігі. Тайпа одақтарында ортақ салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, ортақ тіл қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: