Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық


  сақтардың  шаруашылығы  (кәсібі)



Pdf көрінісі
бет54/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244
Байланысты:
5 synyp

2.  сақтардың  шаруашылығы  (кәсібі).  Сақ-
тардың қалай тіршілік еткенін көз алдымызға 
елестету үшін б.з.б. VII–IV ғасырларға ойша 
 
саяхат жасайық. Асқар биік мұз жамылған 
Алтай, Тянь-Шань, Алатау, Тарбағатай тау-
лары, қарағай мен қайың өскен орман, мидай 
жазық дала. Осы мәңгі мұз басқан таулардан 
ағып шығатын Ертіс, Іле және басқа үлкенді-
кішілі өзендер. Жеміс ағаштары мәуелеп, 
малы шалғынға жайылып жүр. Сырдария 
мен Әмудария алқабында тары, арпа мен би-
дай егістері бітік шыққан. Сақтар бір жерден 
екінші жерге көшіп бара жатыр. Еркектер ат 
үстінде. Әйелдер, балалар мен қарттар төрт, 
алты дөңгелекті арбаның үстіне орнатылған 
киізбен жабылған күйме-үйде келеді. Олардың 
көшетін көлігіне екі-үш жұп өгіз, кейде ат пен 
түйе жегілген. 
Міне, олар қоныстарына да келіп жетті. 
Өзен-көлдің жағасына, екі таудың ортасына 
орналасқан қоныстың шөбі шүйгін. Дереу киіз үй 
де тігілді. Киіз үй – көшпелі өмірге бейімделген, 
өте ыңғайлы, жинап-тігуі оңай баспана.  
Шетінен ат құлағында ойнайтын шабан-
доз, мерген сақтар аң аулап жүр. Бозбала-
лар садақ 
пен құс атып, әскери іске машық-


55
 
53-беттегі картаға 
қарап, сақтардың қай 
жерді мекендегенін 
айтып бер.
 
Оқулықтағы сурет 
бойынша сақтардың 
сыртқы бейнесін  
суретте. 
 
«Сақтар өмірінің бір 
күні»  деген  тақы рып та 
ауызша әңгіме дайында. 
 
Сақтардың тұрмыс-
тіршілігіне  
сипаттама бер. 
тануда.  Әйелдер қазанға ет асып, ағаш 
күбіде қымыз пісіп,  жүн иіріп, киіз басып, 
киім тігуде. Барлық сақтар шошақ төбелі 
 
баскиім, шекпен, шалбар мен етік киген.
Сақ қолөнер шеберлері қо ладан қанжар, жебе 
ұштары мен сүңгі, аттың ер-тұрманын, қа зан 
мен құрбандық ыдыстарын, алтын-күмістен 
әйелдерге арнап әшекейлер мен айна жасаған.
Сақ қоғамы таптық жағынан үш топқа 
бөлінді:  жауынгерлер,  абыздар (дін адамдары), 
малшылар мен егіншілер. Олар барлық мәселені 
халық жиналысына салып шешті. Халық жи-
налы сында ақсақал дар шешім шыға ратын бол-
ған. Сақтар көр гені көп беделді ақсақалдары-
ның сөзін екі етпеген. 
Тайпа көсемі өз тайпасының әскеріне 
қолбасшылық етті. Сақтар әскери адамдардан 
патша сайлап, оған сөзсіз бағынатын болған. 
Садақты шебер ату патшаларға тән ерекше 
қасиет саналған. Патша көктемгі жер жыр-
туда бірінші болып жерге түрен салды, жас 
жауынгерлерді әскери іске баулыды.
Сақ қонысының шетінде  обалар көзге түседі. 
Орасан зор обаларда – көсемдер, орташаларын-
да – жауынгерлер,  ал шағын обаларда қара па-
йым адамдар жерленген.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет