3. Қазақ жүздері. Қазақ халқымен «жүз»
ұғымы тығыз байланысты. «Жүз» дегеніміз –
тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі.
Ұлы жүз құрамына Оңтүстік Қазақстан,
Жетісу өңірін мекендеген жалайыр, албан, суан,
дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, ша-
пырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары
жатады.
Орта жүзді – арғын, найман, қыпшақ, уақ,
керей, қоңырат сияқты тайпалар құраған. Бұл
тайпалардың мекендеген өңірі Орталық және
Шығыс Қазақстан, Бетпақдалаға дейінгі жер-
лер.
Кіші жүздің құрамына 12 ата Байұлы, Же-
тіру; 6 ата Әлімұлы тайпалары кіреді. Олардың
мекендеген жері – Каспий теңізінің жағалауы,
Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.
Қазақ халқы қандай
тайпалардан
құралды?
Қазақ халқының
қалыптасуының ба-
сында кімдер тұрды?
«Қазақ» атауының
шығуы туралы қандай
аңыз-әңгімелерді
білесің?
«Қазақ жүздері» сөзін
қалай түсінесің?
«Менің жеті атам»,
«Менің ата-тегім»
деген тақырыпта
хабарлама дайында.
Қазақ халқының шежі ресінде «Алаш» атауы, «жүздер» туралы аңыз-әңгіме
жиі кездеседі. Қазақтың арғы атасы — Алаш болған. Бірқатар шежірелерде қазақ
сөзінің орнына «алаш» атауы қол
данылады. Қазақтан Бек
арыс, Ақарыс және
Жанарыс деген үш ұл дүниеге келген. Бекарыстан тара ғандарды «Ұлы жүз» деп
атаған. Ақарыстан «Орта жүз» тараған. Жанарыс тұқымын «Кіші жүз» деп атаған.
|