Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі Ел ағалары алдын ала ақылдасып, кеңесе келе бір шешімге тоқтайды. Содан
соң ғана жалпы жұрттың мақұлдауымен хан көтеру рәсімі өткізілген.
Ақсақалдардың бірі жиналған жұртқа кеңес шешімін жариялайды.
Хандыққа кімнің сайланғанын айтады. Бұдан соң елге танымал екі адам екі жағынан қолтықтап әкеліп, болашақ тақ иесін халыққа таныс тырады. Хан бо-
латын адам осы салтанатқа арнап басылған ақ киіздің қақ ортасына, құбылаға
бет түзеп, малдасын құрып оты рады. Енді хан сайлаудың екінші, көпшілік
қауымға арналған және ең шешуші бөлігі басталады. Ел ағалары – шешен би-
лер, әскербасы батырлар, өздері де тақтан үміткер кейбір сұлтандар жамиғатқа
қа
рата сөз сөйлейді. Барлық сөз
болашақ ханның абзал қасиеттеріне
арналады. Оның Шыңғысханнан бас-
талатын ата-тегінің асылдығы айты-
лады, берідегі аталарының ұлт мерейі
жолында атқарған ұлы істері еске алы-
нады, болашақ ханның жеке басының
қасиетіне айрықша назар аударыла-
ды: ақыл-парасаты, әділдігі, мәрттігі
мадақталады, қол бастаған көсемдігі,
жұртқа мәлім ерлік істері атап көр-
сетіледі.
Бұдан кейін хан сайланатын адам-
ды ақ киізімен бірге көтеріп, жұртты
аралайды. Жиналған халық «Хан!» –
деп айқайлайды. Хан отырған киізді
жұртшылық тәбәрік ретінде бір жа-
пырақтан бөліп алады.
Мағауин М. Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі. А., 1969, 110-б.