Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата30.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#32956
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
азіргі о ыту технологияларыны негіздері

ІІ кезең – оқытуды белсендіруді жаңа теориялық жағдайларға сүйене отырып және бірінші 

кезеңнің  тәжірибедегі  жетістіктерін  ескеріп,  оның  әрі  қарай  жолдарын  іздеумен 

сипатталады. Оқытудың зерттеу әдістері мен танымдық мүмкіндіктерінің ролі арта түседі. 

ІІІ  кезең  –  проблемалық  оқытудың  құрылуындағы    маңызды  кезең  болып  саналады. 

Себебі,  мұнда  оқу  процесіндегі  проблемалық  жағдаяттардың  ролі  мен  орнын  теориялық 

сезіну, қазіргі мектеп жағдайында мәселелік  принциптеріне сүйеніп білімді меңгеру және 

зерттеу  принципі  арқылы  оны  тану,  жалпы  проблемалық  оқыту  теориясының  құрылуы 

қарастырылады. 

   Жоғарыда  аталған  кезеңдердің  барлығы  бұл  теорияның  барлық  жетістіктерін,  оқу 

процесін  белсендіру  жолдарын  іздеу  және    оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамытуды 

қосып келтіреді. 

    

Проблемалық  жағдаят  –проблемалық  оқытудағы  негізгі  түсінік.  А.М.Матюшкин 

проблемалық  жағдаятты  «жаңаны  (жаңалық  ашу  немесе  меңгеру),  ертеде  субъектке 

белгілі  емес  немесе  әрекет  әдістерін  табуды  талап  ететін,  есептің  шешімін  табу 

барысындағы  субъектінің  (оқушының)  психикалық  жағдайын  сипаттайтын,  объект  пен 

субъекттің  ақыл-оймен  ӛзара  әрекеттесудің  ерекше  түрі»  ретінде  сипаттайды.  Басқаша 

айтқанда,  проблемалық  жағдаяттар  –  бұл  субъект  ӛзі  үшін  қиын  міндеттердің  шешімін 

тапқысы  келетін,  бірақ  оған  берілгендер  жетіспейді  және  оларды  ӛзі  іздену  қажеттігін 

тудыратын жағдаяттар. 

    Қазіргі  теорияда  проблемалық  оқыту  проблемалық  жағдаяттың  екі  түрін  ажыратады

психологиялық  және  педагогикалық.  Оның  біріншісі  оқушылардың  әрекеттеріне 

байланысты,  ал  екіншісі  оқу  процесін  ұйымдастырудағы  (мұғалім  әрекеті)  кӛрсетеді. 

Педагогикалық  проблемалық  жағдаяттар  белсендіруші  әрекеттердің  ,  жаңаны  ерекшелеп 

кӛрсететін мұғалімнің сұрақатары, оның маңыздылығы және таным объектісінің басқа да 

ерекше  қасиеттерінің  кӛмегімен  құрылады.  Проблемалық  жағдаяттар  оқыту  процесінің 

барлық кезеңдерінде құрылуы мүмкін, мысалы: сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау.  

   Педагогикалық  тәжірибе  үшін  неғұрлым  сипаттық,  жалпы  барлық  пәндерге  тән 

проблемалық жағдаяттардың түрлерін кӛрсетуге болады. 

1.  Оны  неғұрлым  жалпы  және  кеңінен  таралған  деп  санау:  проблемалық  жағдаят  егер 

оқушы  қойылған  міндетті  шешу  әдісін  білмесе,  проблемалық  сұрақтарға  жауап  бере 




алмаса,  оқу  немесе  ӛмірлік  жағдайда  жаңа  фактіні  түсіндірме  алмаса,  онда  жаңа  фактіні 

түсіндіру үшін оқушылардың алған білімдерінің жеткіліксіздігін сезінуі  шартында пайда 

болады. 

2.  Проблемалық  жағдаяттар  оқушылардың  ертеде  меңгерілген  білімді  жаңа  практикалық 

шарттарда қолдану қажеттілігімен кездесу барысында пайда болады. Әдетте, мұғалімдер 

бұл  шарттарды  оқушылар  ӛздерінің  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  алу  керек,  бірақ 

жеткіліксіз фактілермен кезіккен жағдайында ұйымдастырады. Бұл фактіні оқушылардың 

сезінуі танымдық қызығушылықты тудырады және жаңа білімді іздеуге жағдай жасайды.  

3.  Жаңа  білімді  қалыптастыру  процесі  мұғалімнің  үй  шартында,  негізгі  мәселені  ашатын 

ӛмірлік  жағдайда,  пайда  болған  танымдық  қажеттілік  пен  ерте  алынған  білім  негізінде 

оны қанағаттандыру қажеттілігімен тапсырманы орындауы барысында басталды. Мұндай 

жағдайда    оқыту  тиімділігінің  элементі  байқалады:  үй  тапсырмасы  жаңа  білімді  игеру 

дайындығына  есептелген;  қайталау  сабағы  мұғалімнің  оқулық  бойынша  берген  беттерін 

қайталап  оқу  немесе  жаттығуларды  кӛшіріп  жазу  формасында  емес,    керісінше  оның 

мазмұнында  пайда  болған  теориялық  міндет  немесе  практикалық  мәселенің  шешімі 

қарастырылатын ӛзіндік жұмыс формасында ӛтеді. 

4.  Егер  міндетті  шешудің  мүмкін  болатын  теориялық  жолы  мен  таңдалған  әдістің 

тәжірибе  жүзінде  іске  аспауы  арасындағы  қайшылықтар  болған  жағдайда  проблемалық 

жағдаяттар жеңіл пайда болады. 

5.  Оқу  тапсырмасын  орындауда  жеткен  практикалық  нәтижелер  мен  оны  теориялық 

негізде  түсіндіру  үшін  оқушыларда  білімнің  жоқ  болуы  арасындағы  қайшылықтар 

болғанда проблемалық жағдаяттар пайда болады. 

     Проблемалық оқытудың мақсаты мен әдістерінің ерекшелігі педагогикалық процестегі 

ролін маңызды ӛзгертеді  және педагогтарға қойылатын жаңа талаптардың пайда болуын 

қамтиды. Олардың ішінен келесідей негізгі міндеттерді ерекшелеп кӛрсетуге болады: 

 



Ақпараттық қамтамасыз ету

 



Зерттеу бағыты; 

 



Оқу материалдарының мазмұны мен (немесе) құрылысының ӛзгеруі; 

 



Оқушылардың танымдық белсенділігін марапаттау. 

   Бұл жағдайда ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз білімді дайын күйінде беру емес. 

Біріншіден,  проблемалық  жағдаяттарды  қою,  осы  кезде  оқушыларға  минимум  ақпарат 

беріледі, ал ол қайшылықтың тууына қажетті  болып табылады. Екіншіден, проблемалық 

жағдаятты табысты шешу үшін талап ететін ақпарат жайында сӛз болып отыр. 

   Келесі  міндет  –  зерттеу  бағыты  болып  табылады.  Ол  проблемалық  оқыту  кезіндегі 

педагогтың  жағдайын  сипаттайды.  Педагог  білім  кӛзі  емес,  проблемалық  жағдаяттың 

деңгейі  мен оқытудың  нақты әдісіне байланысты осы білімдерді  іздеуге кӛмекші  немесе 

басқарушы  қызметін  атқарады.  Педагог  толық  оқу  процесін  ұйымдастырады  және  талап 

етілген жағдайда кӛмек береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет