3. НЕГІЗГІ ТЕЗИСТІ НЕ ҮШІН ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК?
3-ТҰЖЫРЫМ:
Эссе бөлімдерінің арасындағы қатынасты сақтау үшін қорытынды
бөлімде сөйлемдердің саны да өте маңызды.
Автор қорытынды бөлімге кіріспес бұрын осы мәтіннің нақты
ұқрылымдылығын ескеру керек.
«Оқушылардың психологиялық бейімделуін қалайша тиімді етуге болады?»
Қорытындыны ұйымдастыру заңдылығына бақылау жасай аламыз ба?
Қорытындыны жазу үшін нақты нұсқаулықты сақтау керекпіз бе әлде эссенің
қорытындысы еркін композицияға құрыла ала ма?
Эссені қорытындылай келе, психологиялық бейімделу – бүгінгі таңда
ең өзекті мәселе болып табылатынын, себебі оқушылар – елдің болашағы,
ал олардың қоғамда бейімделуі үлгеріміне тікелей әсер ететінін, бұндай
жағдайда, оқушылар білімді қажетті деңгейде ала алмайтынын айтқым
келеді.
Қазақстандағы
көпшілік
мектептер
бейімделу
аптасын
ұйымдастырып, жаңадан келген оқушылардың бір-бірімен әрі мектеппен
жақынырақ танысуы үшін табиғатқа серуенге шығарып отыруды әдетке
айналдыра бастаған. Осылайша, біздің еліміз оқушылардың психологиялық
бейімделуі сәтті жүзеге асуы үшін барлық жағдайды жасауда.
Түсініктеме:
Біріншіден,
қорытынды
жатыс
септігіндегі
құрылымдардан басталғаны дұрыс (Қорытындыда / Эссенің
қорытындысында / Өз эссемнің қорытынды бөлімінде), сөйтіп
оқырманның назарын аудару керек. Қорытындыда сөзі – қыстырма
сөз емес, сондықтар оны үтірмен бөлудің қажет жоқ (оқушылар эссе жазуда
осы қатені жиі жіберіп отырады). Бұл сөз – мәтіннің бір бөлігі, жатыс
септігінде тұрған сөз ғана. Салыстырыңыз: басында – эссенің басында, негізгі
бөлім – эссенің негізгі бөлімінде. Бұл формаларды эссенің қорытындысында
формасынан айырып алу керек.
- 9 -
Достарыңызбен бөлісу: |