Келісім – мəжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің
келісімі негізінде қабылданатын шешім.
Коалиция – 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған одағы; 2)
мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-əрекет жасау мақсатымен
партиялардың немесе қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.
Конгресс – 1) съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік
күштерінің Дүниежүзілік конгресі; 2) заң шығарушы органның, (парламенттің) аты.
Мысалы, АҚШ-та жəне т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3) кейбір елдердегі қоғамдық-
саяси ұйымдар. Мысалы, Үндістандағы Үнді Ұлттық конгресс партиясы.
Консерватизм – 1) тарихи қалыптасқан саяси жəне қоғамдық өмірді өзгеріссіз
сақтауға тырысқан əлеуметтік – саяси көзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік
партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Конституция – мемлекеттік жəне қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын,
принциптерін білдіретін негізгі заң.
Достарыңызбен бөлісу: |