Саяси əлеуметтену – қоғамдық процестер нəтижесінде жеке адамның белгілі бір
саяси рөл атқарып, əлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси əлеуметтену отбасы, құрдастар
тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің
сан саласының ортасында пайда болып, одан əрі өрбиді. Ол тəрбие, үлгі-өнеге, саяси
насихат, өмір салтының ықпалын жəне өзінің саяси тəрбиесі арқылы іске асады. Оның
қалыптасуына сол кездегі тарихи дəуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-
əлеуметтік, экономикалық, мəдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тəртіптің
сипаты, топтың, таптың, ұлттың өзгешеліктері жəне т.с.с. əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |