АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы
134
сӛздіктерден алынған культ лексемасы түсіндірмелерінің барлығы бұл
тілдердегі аталған концептінің ұғымдық аясын, қабатын құрайтын
ерекшеліктерін байқауға болады.
Сӛздіктерде берілген мағыналарды жинастырсақ, аталмыш лексеманың
мынадай танымдық мағыналарын тіркеуге болады.
«Культ» лексемасы
«сыйыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сияқты етістіктер тӛңірегінде
топтастырылған кең ұғым, культ дәстүрлі діндердің, діни наным-сенімдердің
әдет-ғұрыптық жағы, дәлірек айтсақ, культ – діннің әдет-ғұрыптық жағы
(құрбандық шалу, тасаттық беру, намаз оқу, ораза ұстау, құрбан айт ӛткізу);
осы әдет-ғұрыптарды ӛткізу кезінде қолданылатын құралдар (Құран, жайнамаз,
тасбих, садақа, діни адамдардың киімдері, т.б.) тӛңірегіндегі ұғымдар.
Зерттеудің нәтижесі бойынша «Культ» ұғымының тілдік ішкі
құрылымында Сыйыну → Жалбарыну → Бас ию→ Табыну → Құрметтеу
лексемалары ӛмір сүреді. «Культ» концептісі жүйесіндегі
«сыйыну»,
«жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сӛздерінің тілдік-танымдық моделі
ерекше мәнге ие. Культ:
1) сыйыну (Құдай, Алла, тәңір, хақ, раббы, жаббар, жаратқан, жаратушы
ие, жасаған, ием); анимистік ұғымдар (аруақтар культі,
жерлеу культі, т.б.);
2) жалбарыну (арбау, мадақтау);
3) табыну, тотемдік, магиялық (сӛз магиясы, киелі сандар, бата, алғыс,
қарғыс сӛздер; біреуге табыну немесе біреуді қадірлеу немесе құдайларға
табыну, кӛсемге табыну);
4) құрметтеу, фетиштік (әулиелі, киелі жерлер, т.б.) діни наным-сенімдерге
негіз болады.
Осы тұрғыда біз «Жаратушы күштер» концептісін қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: