Лекция 13. Салық жүйесі >13. 1



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата09.05.2022
өлшемі256,11 Kb.
#33249
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 13

Жеке табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін 

– жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады. 

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып 

есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.  




Салық  агенттері  жеке  табыс  салығын  есептеу  мен  ұстап  қалуды  төлем  көзінен 

салық  салынатын  табыс  төленетін  күннен  кешіктірмей  жүргізедіі.  Олар  салық 

төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі 

бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Қазақстан  Республикасының  щегінен  тыс  жерлерде  төленген  жеке  табыс 

салығының  сомасы  белгіленген  тәртіппен  Қазақстанда  салық  төлеу  кезінде  есепке 

жатқызылады. 

Жерқойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. Қазақстан 

Республикасының  салық  жүйесінде  табиғи  ресурстарды,  пайдалы  қазбаларды,  жер 

қойнауын  пайдалануға  байланысты  бірқатар  төлемдер  бар,  оларды  шартты  түрде 

салықтық  сипаты  бар  табиғи  ресурстар  үшін  төленетін  төлемдер  ретінде  бір  топқа 

біріктіруге  болады.  Оларға  үстеме  пайдаға  салынатын  салық,  жер  қойнауын 

пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны 

үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық 

сипатта  болады,  өйткені  олардың  пайда  болуы  мен  мөлшерлемелерінің  шамасы 

шығарылатын  және  шаруашылық  қызметте  пайдаланылатын  материалды,  шикізатты, 

минералды  ресурстарды  алу,  тұтыну,  олардың  сапасы  табиғат  факторларымен 

байланысты болады. 

Техногендік  минералды  құралымдардан  пайдалы  қазбалар  алуды  қоса,  Қазақстан 

Республикасыда  жер  қойнауын  пайдалану  жөніндегі  операцияларды  жүзеге  асыратын 

заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын 

салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.  

Жер  қойнауын  пайдаланушы  үшін  белгіленген  салық  режімі  тек  қана  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  жер  қойнауын  пайдалануға  жасалатын 

келісімшартта айқындалады. 



Әлеуметтік салық – мемлекетке алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері 

бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік 

сақтандыру,  міндетті  медициналық  сақтандыру,  халықты  жұмыспен  қамту  қорларына 

аударылатын  сақтық  жарналары  аударымдарының  орнына  енгізлген.  Аударымдардың 

жиынтық  мөлшерлемесі  еңбекке  ақы  төлеу  қорның  28%  мөлшерінде  белгіленді,  ал 

төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. 

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 17% алады. 

Қазақстан  республикасының  резидент-заңды  тұлғалары  шетелдік  заңды 

тұлғалардың  филиалдары  мен  өкілдіктері,  сондай-ақ  Қазақстанда  қызметін  тұрақты 

мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, 

адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.  

Жұмыс  беруші  төлейтін  ақшалай  немесе  заттай  нысандағы  кез  келген  табыстар 

нысанындағы  оның  қызметкерлерге  төлейтін  шығыстары  резидент-заңды  тұлғалар, 

сондай-ақ  Қазақстанда  қызметін  тұрақты  мекемелер  арқылы  жүзеге  асыратын 

бейрезиденттер,  заңды  тұлғаның  құрылымдық  бөлімшелері  үшін  әлеуметтік  салық  салу 

объектісі,  ал  жеке  кәсіпкелер,  жеке  нотариустар,  адвокаттар  үшін  олардың  өздерін  қоса 

алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады. 

Меншікке  салынатын  салықтар  нарықтық  экономика  жағдайында  мемлекет 

иелігінен  алу  үшін  және  жекешелендіру  процесінің  дамуына  қарай  меншік 

қатынастарындағы  нақтылы  өзгерістермен  байланысты  едәуір  орын  алады.  Меншікке 

салынатын  салықтарға  жер  салығы,  мүлікке  салынатын  салық,  көлік  құралдарын 

салынатын  салық  жатады.  Меншікке  салынатын  салықтар  негізінен  жергілікті 

бюджеттерге есептеледі. 

Салықтардың  мөлшерлемелері  меншіктің  таьыстылығы  бойынша  емес,  сыртқы 

нышандар  –  меншіктің  мөлшерлері  бойынша  белгіленетіндіктен  физкалдық  мақсаттан 

басқа бұл салықтардың меншікті прайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар. 



Мнешікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтыұ жауаптылықты біркелкі 

етіп, бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа 

қатысы бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет