Міржақып
Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы (
1885 жыл
,
қарашаның 25
–
1935 жыл
,
қазанның 5
) —
қазақтың
аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері,
ақын
,
жазушы
, жалынды көсемсөз
шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Міржақып Дулатұлы
Лақап аты
Мир Якуб
Туған күні
25 қараша 1885
Туған жері
Сарықопа уезі,
Торғай облысы
Қайтыс болған күні
5 қазан 1935
(49 жас)
Азаматтығы
Түркістан автономиясы
Мансабы
ақын, жазушы, саясаткер
Бағыты
саяси
Жанры
реализм
Шығармалардың тілі
қазақша
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
Арғын
тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri
Қостанай
облысының
Жанкелді ауданына қарасты "
Қызбел
" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына
аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап,
етік
,
мәсі
тіккен. Шешесі — Дәмеш
ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл
оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан
мұғалімнен дәріс алады. Бұл
мектеп
Міржақыптың білімін толықтырумен қатар,
азамат
ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан
мұғалім
ұлы
ағартушы
Ыбырай Алтынсарин
іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда,
Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де
ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы
Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді
азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына
ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп,
«ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі
жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың
елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың
көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің
жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға
ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл
саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші
буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Өмірбаяны
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне
бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан
шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап,
орыс
тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың
озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын
суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден
бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде,
1904
жылы Міржақып
Омбы
қаласына келеді.
Осында ұлт зиялыларының ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлымен
кездеседі. Бұдан кейінгі
уақытта біpi —
ұстаз
, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды.
1905
жылы
Міржақып
Ахмет Байтұрсынұлымен
бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық
жұмыстарға қатысады.
1905 жылы
патша өкіметіне қазақ халкының атынан
петиция
жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш,
оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап
оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың
еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну,
дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған
жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса»
болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани
ағасы
Ахмет Байтұрсынұлының
үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады.
Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері
таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға
алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді,
екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді.
Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы,
сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр
жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік
бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының
жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз
айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл
есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында
Ахмет Байтұрсынұлы
, ортасында
Әлихан Бөкейхан
, оң
жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет
1906
жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес,
шабытты ақын болып оралады.
1907
жылы
Петербургте
шыққан "
Серке
" газетіне
“Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала
жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың
анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі
мақала
авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды.
1909
жылы
Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл
кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913
жылы ол
Ахмет Байтұрсынұлымен
бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның
бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.
1920
жылы
Ташкентке
келіп, сондағы
“Ақ жол"
газетінде
қызмет атқарады.
1922
жылы жазықсыз қамауға алынады.
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы
Орынбордағы
ағарту институтында оқытушы
болады.
1928
жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады
да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер.
Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген
өлең жинағы. Одан кейін
1913
жылы
Орьнборда
"Азамат", ал
1915
жылы "Терме" атты
өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел
тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға,
қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты
оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап
тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза
жанрына да қалам сілтейді.
1910
жылы оның осы жанрдағы туындысы "
Бақытсыз
Жамал
" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза
көркем
проза
үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап
1914
жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен
фельетондар
жазады.
1922
жылы
Ташкентте
екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "
Балқия
"
пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен
жариялана бастады.
1991
жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997
жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы
жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Шығармалық мұрасы
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен
ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат
еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең
жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей
патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің
аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне
бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық,
идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін
жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің
ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет
ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ
халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат",
"Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға",
тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы,
соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы
шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді.
Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі
білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан
кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа
кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне
Өлеңдері
серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен
ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста
қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда
өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын
түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін
еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты,
әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық
халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы
ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің,
ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі
жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы
да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде
халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге
шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты
адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел
билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын
халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды,
кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін
ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда
көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды
хандар мен билерді еске алады.
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —
деп келе, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын
ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі
де артык болмақ
Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ,
алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз
заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру
қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың
жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер
мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі
білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910
жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының
шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі
көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде көркем прозалық
үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін
жазылған
Т. Жомартбаевтың
«Қыз көрелік»,
С.Көбеевтің
«
Қалың мал»
,
С.Торайғыровтың
«
Қамар сұлу»
, т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол
кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы
жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-
ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты
өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
"Бақытсыз Жамал" романы
Міржақып Дулатұлының Абай
Дулатұлының
Абайға
арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт»
газетінде
1908
жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері,
шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс
әдебиетімен, әсіресе
Лермонтовпен
үндестігі ескертілді.
1914
жылы «
Қазақ»
газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай
арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында
алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу
ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі.
Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған
Ахмет Байтұрсынұлы
,
Әлихан Бөкейханұлы
және ақын балалары мен інілерінің
қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең
құнарлы ой -
Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген
тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші
жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының
тарихындағы орны онымен қатарлас
деген салыстырма жасайды.
[1]
Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін
мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
шығармашылығын зерттеуі
Қазақстан пошта маркасы
, 2010
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен
сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек
заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене
табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық,
атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда
толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал
Кәкітай
Ысқақов
,
Ахмет Байтұрсынұлы
,
Әлихан Бөкейханов
, Міржақып Дулатұлы Абайдың
шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан
мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-
әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай
білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-
әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік
мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет,
баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден
құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің
өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі,
болашақ буындарына алаш деп
ұран
салып, келешек үшін арыстанша алысқан
Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы
мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.
[2][3][4]
1993
— «Міржақыптың оралуы», режиссері:
Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс:
“Қазақтелефильм”
1994
— «Алаш туралы сөз», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс:
“Қазақтелефильм”
2009
— «Алашорда», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс:
“Қазақфильм” Шәкен Айманов
атындағы
1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС,
2010 жыл.
ISBN 9965-26-096-6
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар
мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы.
Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
Дереккөздер
13 күн бұрын
Dimash Kenesbek соңғы рет өңдеді
“Алматыкітап баспасы”, 2009
ISBN 978-601-01-0268-2
3. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы,
«Атамұра» баспасы,
ISBN 5-7667-2949-9
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына
арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих
ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
ISBN 9965-
34-933-9
Міржақып Дулатұлы (https://adebiportal.kz/kz/authors/view/705)
«
Әдебиет порталы»
сайтында
Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!» (http://www.abai.kz/no
de/6299)
«Оян, қазақ» идеясы – қазақтың нағыз ұлттық идеясы! (http://www.abai.kz/node/575
1)
МӘҢГІЛІК – МІРЖАҚЫП! (https://abai.kz/post/6082)
Гүлнәр Міржақыпқызы: «Дауыс салып, жылағанымды еміс-еміс білем» (https://abai.
kz/post/5840)
«Тегімді әрең сақтап қалдым» (http://abai.kz/node/269)
Міржақып маркасы (https://egemen.kz/article/9652-mirdgaqyp-markasy)
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Міржақып_Дулатұлы&oldid=3021046
»
бетінен алынған
Сыртқы сілтемелер
Достарыңызбен бөлісу: |