«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Өгділмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет127/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

Одғұрмыштың Өгділмішке жауабы

 

Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Бұл да шын,



 

Мұнан да өзге басқасы бар, ол да сын.

 

Егер ұл-қыз жақсы болса, зерделі,



 

Айтқаныңның айнымай дəл келгені.

 

Егер жаман болса, сені ұлытар,



 

Өзің өлсең — тəрк етер де ұмытар.

 

Қарғыс тиіп, жақсы атыңды қаралар,



 

Бас көтеріп, жауың сөгіп табалар.

3380  Ұл-қыз дұшпан болса, дұшпан не керек!?

 

Жаусыз тірлік қандай жақсы, керемет!



 

Не сəулесі түссін жаудың, есердің?

 

Жаудың аты-ақ куəлігі кеселдің!




 307

 

Не жақсы ілім берген білім егесі:



 

«Ұл-қыз аты, ердің өшпес елесі!..»

 

(Не жақсы ілім береді екен білімді:



 

«Ұл-қыз сақтар өңің, түрің, тіліңді!»)

 

Мұны мегзер білікті сөз бар еді,



 

Көңілі ақтың сөзі түзу, əдемі:

 

«Күйетін сен, ұл-қыз деп бас тігетін,



 

Ұл-қыз қайда бұл бейнетті білетін!?

3385  Һəрəм жиып өтесің, ол қалады,

 

Сен қайғы жеп, ол тілегін табады!»



 

Қатын алған, кеме мінген деп білгін,

 

Кеме міндің — көк теңізге кеп кірдің.



 

Ұл-қыз туса, сынар кеме*, амалсыз,

 

Кеме сынса, қалай тірі қаларсыз?!



 

Ұл-қыз ата жұбанышы, мақтаны,

 

Ал атаның у жегені, татқаны.



 

(Ұл-қызға ата кешірімді, жафасыз,

 

У жейді əмəн ал ұл-қыздың атасы.)



 

Атадан соң, жаман ұл-қыз жетесіз,

 

Ата-анасын аузына алмас, нетесіз?



3390  Мұндай жаннан қайтіп опа көрерсің,

 

Құлқы — жауыз, қылқы — жапа: шегерсің.



 

Ұл-қыз үшін машақаттан күй кетер,

 

Бала жүгін ата пілдей сүйретер.



 

Дос, туысқа жақын-жуық жүр дедің,

 

Оның дұрыс, ол да бір жүк, білгенім.



 

Білікті бек жақсы айтқан нақ балап:

 

«Кісі көңілі нəзік, қиын сақтамақ!



 

Көңіл бейне, құмыра, иə шарайна,

 

Ай, ұланым, сындырарсың, абайла!



3395  Көңіл нəзік — тез суалып, тез толар,

 

Ыстыққа — ерір, ал суыққа тез тоңар.




 308

 

Дос көңілі қалса,  қиқар жау болар,



 

Жау жүрген жер — ұрыс-керіс, дау болар!

 

Жауың болса, тірлігің де татымсыз,



 

Жау қайда да  жаға қоймас, жасырсыз!

 

Сенен дұшпан кішік болса, ақылым:



 

Оны сонша ұлық  тұтқын, батырым!

 

Алып пілге дұшпан болды шыбын бір,



 

Шақса пілді, мөңкіп  жаннан түңілді!

3400  Өмірі өткен жауыменен алысып,

 

Тыңда ердің жаугер, батыл арысын:



 

«Дұшпан əлсіз деп желпініп, есілме,

 

Неге қорқам деп, құр сөзбен есірме!



 

Жауың болса, қапы қалма ұрыста,

 

Жауға жау бол, дұрыс қара дұрысқа!



 

(Жаулық еткен, сенен жаулық күтеді —

 

Сен қойғанмен, екі талай бітері!)»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет