Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы
3960 Айтты: — Інім, бекер бейнет шеккенің,
Мен сеземін, тегін қайта жетпедің.
Кесіп айттым, естіп — айыл жимайсың,
Не үшін зорлап, күштеп мені қинайсың!?
Не айтты тыңда, білім берген адамды,
Сынап білген жақсы менен жаманды:
«Бір көріссе жетер кісі тануға,
Бір тілдессең, жетер сырын алуға.
Мыс алтынды көзбен айыра алмасаң,
Жетер алып сəл сыр тасқа жану да!
(Сынасуға бір көріссең жетеді,
Білісуге бір тілдессең жетеді.
Мыс, алтынды айырмаса ер жігіт,
Алып аз-маз тасқа сүртсе жетеді!)
Достарыңызбен бөлісу: |